Облыс џстаздарыныѓ газетi білім саласының үздіктері Соңы 4-бетте



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата08.02.2022
өлшемі18,99 Mb.
#97935
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Сыр мектебі пдф 2

P.S. Осы аталған мектепті биыл
бітірген жиырма түлектің барлығы да
мемлекеттік грант иегері атанды.
Тұрақ АДИСҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
Жалағаш ауданы.
Тіршілікте талай жанмен
кездесесің. Бір көргеннен жылы
қабақ танытып, жаныңа шуақ төккен
кісі болса, есіңде мәңгі қалады. Құдды
жаратушың сәтті табыстырғандай
күй кешесің. Ал бәзбіреулерді тез
ұмытасың. Оғаш мінезін байқап
қалсаң, онымен қайта жүздесуді
көңілің қаламайды. Бұл бірдің ғана
емес, мыңның басындағы жағдай
шығар?!. Іштей "жақын тарту", "тіл
табысу" деген адами қарым-
қатынастың басы. Мұндайда "айың
оңынан туып", келешегіңе кемел жол
ашылатын сәт келді дей бер...
1971 жылы Н.В.Гоголь атындағы
Қызылорда Мемлекеттік педагоги-
калық институтын бітірген соң,
облыстық білім басқармасы жолда-
маны өз ауданым Жалағашқа берді.
Аудандық оқу бөлімі меңгеру-
шісінің қабылдауына келдім. Сәті
түсіп, көп күтпестен басшының
алдынан бір-ақ шықтым. Шашын
тықырлап алып тастаған, ашаң жүзді,
қырықтың қырқасын аттаған кісіні
бірінші көруім еді. Бұған дейін
аудандық партия комитетінің үгіт-
насихат бөлімін басқарған, өткен 1970
жылы ғана осы қызметке отырған
Зияда Ижанов осы кісі екен. -Тыңдап
отырмын, айта бер, - деді бастық. Мен
сәл-пәл мүдірдім білем. - Қысылмай-
ақ қой, оқу бітіріп келдің ғой шамасы,
- деп күлімсіреді. Әдепкіде салқын
көрінген ағамыздың жүзі әп-сәтте
жадырап шыға келгенін байқаған мен
жолдамамды ұсынып, орын болып
жатса, өз ауылымның мектебіне
барғым келетіндігін айттым. Бүгін
келе алмаған, бірақ педучилищенің
"мектепке дейінгі тәрбие" бөлімін
бітірген жұбайым бар екенінен де
хабардар еттім. - Е, әуелі келінше-
гіңнен бастамайсың ба. "Таң"
ауылындағы 50 орындық балалар
бақшасында маман тәрбиеші жоқ,
аты-жөні кім?, - деді З.Ишанов.
-
Оразымбетова Зияда... Зәкең
сәл аңырыңқырап қалды да: - Мұндай
есім сирек, бірақ ер балаға да, қыз
балаға да қойған ғой, менімен аттас
екен, ертең ертіп кел, екеуіңе де
бұйрық берем, - деді. Мұндай
қуанбаспын. Атын естігенім болмаса,
бұрын-соңды танып-білмеген бас-
тықтың мәселемді тез шешкеніне
қалай риза болмассың?! Ертесіне,
біріміз №118 орта мектепке мұғалім,
біріміз балалар бақшасына тәрбиеші
деген аудандық оқу бөлімі
меңгерушісінің бұйрығын алып
ауылға келдік. Сөйтіп, алғашқы
ұстаздық еңбек жолымызды баста-
ғанбыз.
1975 жылы аудандық оқу бөлімі
мені мектеп директорының тәрбие
жұмыстары жөніндегі орынбасар-
лығына тағайындады. 1976 жылы
Коммунистік партия қатарына өттім.
1978 жылы Зәкеңнің бұйрығымен
мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары қызметіне
ауыстым.
1980 жылдың тамыз айының
соңына таман Зәкең шақырды.
- Сені "Мәдениет" кеңшарының
бөлімшесіндегі №122 орта мектепке
директордың міндетін атқаруға
бұйрық дайындаймын, сол мектептегі
Шахман ағаң көптен бері ұзақ
науқас. Келінге (менің әйелімді айтып
отыр) сондағы балалар бақшасының
меңгерушілігін беремін, қалай
қарайсың, - деді. - Ойланайын,
үйдегілерге айтайын, -деппін мен
тосын жаңалыққа әзір жауап таба
алмай.
- Сен мектептегі қызмет саласының
барлық басқышынан өттің, ойланатын
ештеңе жоқ. Болашақ керек емес пе?
Оның үстіне ересек жігіттің өз
тағдырын өзі шешкені мақұл. Әңгімені
қой, - дегесін "нар тәуекел" деп
келісімімді бергенмін.
1982 жылдың соңғы күндерінің
бірінде аудандық партия комитеті
маған "Таң" кеңшары жұмысшылар
комитетінің төрағалығы қызметін
ұсынды. Партиялық-ұйымдастыру
бөлімінің меңгерушісі Шыңғыс
Айбосыновтың кабинетінен шығып
келе жатыр едім, Ижанов кездесе кетті.
- Жәй жүрсің бе, - деді Зәкең. Мен
шынымды айттым.
-
Өзің біл, сені жібергім келмеп
еді...
Сөйтсем, ол кісі бәрінен хабардар
екен.
...Ұмытпасам 1993 жылдың күзге
салымы еді. Аудандық пошта
ғимаратында селекторлық жиналыс
өткен. Аймақ басшысы Сейілбек
Шаухаманов радио байланыс арқылы
Жалағаш ауданындағы әрбір
шаруашылықтың жұмыстарын кезек-
кезек тыңдаған. Күні бұрын дайындап
алған мәліметтеріміз бойынша
қысқаша есеп бердік. Мен "Таң"
кеңшарының директоры болатынмын.
Қас қарая жиналыстан босаған
директорлар дайын тұрған көліктеріне
отырып алып ауылдарына асығыс
жүріп кетіп жатты. Мен де "Уазигіме"
келсем, шоферым Нартаймен бір кісі
сөйлесіп отыр. Қарасам, Зияда Ижанов.
Зәкеңнің Жалағаштан Атырауға қоныс
аударып кеткеніне 5-6 жыл болған еді.
Жақсы ағаға шұрқыраса амандасып,
хал-жағдайын білген соң, ауылға
апарып қонақ етіп, ертеңгілік, келетін
жеріне жеткізіп салғым келді. Мұны
бірден айттым да. Бірақ, Зәкең:
- Асығыспын, пейіліңе көп рахмет,
бүгін "Ақарықтағы" ағайдың үйіне
соғып, ертең ертелетіп қайтуым керек.
Өзімнің інімдей болғасын сені күтіп
отыр едім ғой, - деді.
Зәкеңді ауданның бар дирек-
торлары біледі. Қай-қайсысы да
"Ақарыққа" жеткізіп сала алады. Тіпті,
өз ауылының директоры Мамытовқа
ілеспей мені күтуі, ағалық ықыласы деп
түсіндім. Ағаны отырғызып алып,
"Ақарық" кеңшарына қарай жүрдік.
Жол-жөнекей Зәкең аудан жаңалық-
тарын, жекелеген азаматтарды
сұрастырып отырды. Кейін менің есіме
сонау 1971 жылы, яғни 22 жыл бұрын
осы кісінің алдына барғаным, бірден
мәселемнің оң шешілгені есіме түсті...
Қатардағы мұғалімнен бір елдің ағасы-
кеңшар директоры қызметіне дейін
көтерілуіме Зәкеңнің де үлесі бар ғой
деген ой жүрегімді ризашылық сезімге
бөлеп келе жатты... Бұл ұстаздардың
ұстазы болған, білімді, парасатты,
алдын болжай алатын, болашағынан
үміт күтетін жас кадрларға сеніммен
қарайтын, қамқор ағаны соңғы көруім
екен...
Енді сәл шегініс жасап Зәкеңнің
өмір дерегіне тоқтала кетейін:
Зияда Ижанов 1929 жылы Жалағаш
ауданының "Аламасек" ауылында
туған. 1950 жылы Н.В.Гоголь атындағы
Қызылорда мемлекеттік институты-
ның қазақ тілі мен әдебиеті
факультетін бітірген. 1950-1953
жылдары жолдамамен барып, Атырау
облысының Новобогат ауданында
мұғалім, мектеп директоры қызметін
атқарады. 1953-1956 жылдары Жала-
ғаш ауданы орталығындағы №31
Сталин атындағы орта мектепте оқу
ісінің меңгерушісі, 1957-1970
жылдары аудандық партия комитеті
саяси ағарту кабинетінің
меңгерушісі, нұсқаушы, үгіт-насихат
бөлімінің меңгерушісі болған. Ал,
1970-1987 жылдар аралығында, яғни
17 жыл бойы аудандық оқу бөлімін
басқарды. Айта кету керек, осы
жылдар аудан мектептеріндегі оқу-
тәрбие жұмыстарының жүйелі
ұйымдасқан, табысты кезеңі еді.
Әсіресе, оқытудың кабинеттік
жүйеге көшуі толық жүзеге асқан
болатын. Зәкеңнің қолдауымен
ұстаздардың озат тәжірибелері
кеңінен насихатталып таратылды.
Мұғалімдердің мәртебесі артты.
Облыс бойынша білім беру мен жас
ұрпақ тәрбиесінде алдыңғы қатардан
көріне білдік. Талай-талай
педагогикалық оқулар мен ғылыми-
практикалық конференциялар өткені
есімізде...
Зәкең мектептерді жиі аралайтын.
Тазалықты жаны сүйетін. Мұғалім-
дер арасындағы өзара түсіністік пен
сыйластыққа мән беретін. Кей кейде
"Бір-біріңнің үйлеріңнен шәй
ішесіңдер ме, осы" деп сұрайтын.
"Ижанов келе жатыр" десе мектептер
жан-жағын жинақтай бастайтын.
Директорлар қалайда бір жақсы ісін
көрсетіп, Зәкеңді "қанағаттандырып"
жіберуге тырысатын. Аудандық оқу
бөлімінің кеңесіне сескеніп
кіретінбіз, өйткені тәртіп бар, талап
күшті... Зияда Ижанов марапаттан
кенде болған жоқ, бірақ ең үлкен
марапат - ұстаздардың ол кісіге деген
сенімі болатын. Сырттай қарағанда
қаталдау көрінгенімен ішкі жан
дүниесі жылы еді.
Бір орында 17 жыл үздіксіз оку
бөлімін басқару әрине, екінің бірінің
қолынан келе бермейтін іс еді.
Ұстаздардың ұстазы болған Зияда
Ижановтың сіңірген еңбегін, оның
адами тұлғасын ұмытуға болмайды.
Осы мақаланы газетке дайындау
барысында қосымша мәліметтер
қарастырдым.
Зияда Ижанов 1992-2004 жылдары
әуелі Маңғыстау облыстық мұра-
ғатында, одан кейін ҚР мемлекеттік
мұрағатында, Республика Президенті
мұрағатында мұрағатшы-аудармашы
болған. "Әуезов және мұрағат"
жинағы мен "Махамбет" энциклопе-
диясын құрастырушылардың бірі
екен. "Қаһарлы 1916 жыл" деген еңбек
жазған.
"Егемен Қазақстан", "Казахстанс-
кая правда" газеттерінің тарихи
шежіресін жасаған. Сондай-ақ, "Ащы
сабақтар" атты кітаптың авторы
екенін білдім. 2004 жылдан, өмірінің
соңына дейін "Ана тілі", "Өлке"
баспаларында редакторлық қызмет
атқарыпты.
Зәкең 2006 жылдың қазанында
Алматы қаласында дүниеден озған.
Біз білетін Ижанов өзіне сеніп
тапсырылған жұмысты өз дәреже-
сінде адал,тиянақты атқаратын және
барынша еңбекқор жан болатын.
Сөз соңында айтарым: Жалағаш
ауданына еңбегі сіңген, оның ішінде
білім беру саласына лайықты үлесін
қосқан, сөйтіп ұстаздардың ұстазы
болған Зияда Ижановтың есімін бір
мектепке еншілесе артық болмас еді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет