Желтоқсан 2015 жыл


) - Университеттегі кадр мəселесі



Pdf көрінісі
бет29/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

5) - Университеттегі кадр мəселесі 
туралы айтып өтсеңіз. Сізге дейін 
де бұл университетте бірнеше Рек-
торлар жұмыс атқарған болатын. 
Бірақ ол басшылардың арасында 
кадр мəселесі барысында əр түрлі 
іс-əрекеттер болғаны белгілі. Атап 
айтсақ, өздерімен бірге туыстары 
мен жерлестерін жұмысқа тартып, өз 
қастарына жинау үрдісі белең алды. 
Кейін ол жағдайлардың соңы немен, 
қандай нəтижемен аяқталғанының 
куəсі де болдық. Осындай мəселелер 
жергілікті халық пен университеттің 
ұжымында заңды сұрақтар туында-
тып отырған сыңайлы. Университетке 
жаңадан келіп жатқан мамандар мен 
қызметкерлерді сіздің атыңызбен бай-
ланыстырады. Аталған мəселелерге 
қатысты Сіздің көзқарасыңызды 
білсек. 
- Бұл жөнінде айта кететін бір жағдай, 
өздеріңізге белгілі, мемлекеттік мекеме 
болғаннан кейін біздің заңнамаларға 
сəйкес, солардың аясында жұмыс 
істеуіміз керек. Университеттің ғылыми 
əлеуеті, өкінішке орай, түрлі белгілі се-
бептерге байланысты төмен болып отыр. 
Осыған байланысты университеттің 
алдында тұрған үлкен бір мəселе - 
бұл университеттің ғылыми əлеуетін 
көтеру мəселесі. Бұл мəселені қалай 
шешеміз деген сұрақ көкейімізде көптен 
бері жүр, оны ойлана-толғана келе, 
екі бағытта шешпекпіз, біріншісі, ол 
жергілікті жас мамандардан ғылыми 
атағы бар мамандар, ғылым доктор-
ларын дайындау мəселесі, сол мақсатта 
биыл біздің университетіміздің 17 
қызметкері Қазақстанның бірнеше 
ЖОО-на, өзіміздің университетімізге 
көрші Омбы қаласына аспирантураға 
оқуға жіберілді. Бұның ішінде бюджет 
арқылы оқып жатқандар бар жəне шетел-
дерде, Ресейде оқып жатқандардың оқу 
ақысын университет көтеріп отыр. Осы 
бағытта өткен жылы университетімізде 
4 мамандық бойынша PhD докторан-
тура ашылып, оған биыл докторанттар 
қабылданды. Биылғы жылы да екі 
мамандық бойынша докторантура ашу 
жоспарда бар. Таяу жылдарға арналған 
жоспар бойынша 40-50 азаматты, 
өзіміздің университеттің қызметкерлері, 
түлектері бар, жергілікті жас азаматтар-
ды докторантуға жіберуді жоспарлап 
отырмыз. Бірақ, бұл докторантураға 
түсіп жатқан жастарымыз ғылыми 
атақтарын тек 3-4 жылдан кейін ғана 
алатын болғандықтан, қазіргі уақытта 
бұл мəселені шешу үшін республиканың 
басқа ЖОО–нан ұстаз мамандарды 
шақыру мəселесін көтеріп отырмыз. 
Биылғы жылы бірнеше азаматтарды 
университетке қызмет етуге шақырдық. 
Мысалы, профессор Шалабаев, профес-
сор Икбаев сияқты белгілі ғылым док-
торлары жəне 7 ғылым кандидаты уни-
верситетке келіп, қазір осында қызмет 
істеп жатыр. Басқа да бірнеше ғылым 
кандидаттары мен докторлары өздерінің 
университетке келетіндігі жөнінде хабар-
дар етті, оларды күтудеміз. Бізде жалпы 
білікті мамандардың тапшылығы үлкен 
проблемалық мəселе болып отыр. Осы
мəселелерді шешу бағытында универ-
ситет ұжымы əрі қарай да жұмыстар 
істемекші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет