6) - Сіз рұқсат берсеңіз, халыққа маза бермей жүрген бірқатар сұрақтар баршылық, осы жөнінде бірер сөз айта кетсеңіз. 1. Соның бірі «Элит» ғылыми-оқу- өндірістік кешені төңірегіндегі мəселер. Атап айтсақ, оқыту тəжірбиесінде егілген астық пен ондағы өнімдердің қаржысы туралы. Жəне де сатып алы- нып жатқан малдардың бұл кешенге соншалықты қажеттілігі. Ұжымның айтуы бойынша, одан түскен пайда мен оның қызығын тек Басшылардың көруі жəне т.б. -Университетіміздің алдағы бағыты
ауыл шаруашылығы мамандарын
даярлау бағыты, сондықтан да ар-
найы Аграрлық-экономикалық ин-
ституты бар, ауыл шаруашылығы
мамандарының бір қажеттілігі, не бол-
маса, шарттарының бірі ретінде ауыл
шаруашылығы мамандарының өндірістік
–тəжірибеден өтуге арналған арнайы
кешен, мекеме болуы шарт. Сондықтан
да университет 2011 жылы университет
құрамында арнайы жері бар ғылыми-оқу-
өндірістік «Элит» кешені ашылған бо-
латын. Оған 300 га жер бөлінген, ал енді
университеттің оқытушы-профессорлар
құрамы Т.Қ. Есенеев, И.Ф.Костиков,У.М.
Сағалбеков, Ж.А. Аленов, С.Омарханов
жəне т.б. осы мəселені ары қарай дамы-
ту жөнінде университет басшылығына
өтініш жасаған болатын. Аталған уни-
верситет оқытушыларының өтініштері
бойынша бұл мəселе ректоратта
қаралып, арнайы оқу- ғылыми- өндірістік
кешенін дамыту жөнінде мəселе қолға
алынған еді. Сондықтан да істеген
істеріміз көңілге қонарлық деп ойлай-
мын, сол кешеннің арқасында біздің
студенттердің сонда барып, қызметтік
тəжірибеден өтуіне мүмкіндік туды,
екіншіден, осы кешенде 144 дəнді жəне
майлы дақылдар сорттарын аймаққа
үйлестіру, қалыптастыру, бейімдеу
бағытындағы ғылыми жұмыстар жа-
салуда. Жақсы нəтижеге қол жеткізіп,
соған біздің ғалымдарымыздың қатты
қуанып жүрген жағдайы да бар. Биыл
100 га жерге зығыр майын ексек, 200
га жерге дəнді дақылдар ектік, осы
егілген егіндердің арқасында біз ары
қарай малшаруашылығын өндіру тех-
нологиясы мамандықтарын дамытуға
арналған жұмысты жүргізуге, мал
азығын дайындауға қолжеткіздік. Осы
егілген дақылдарды мемлекетке өткізу
арқылы университет қорына 5,8 мил-
лион теңге қаражат түсті. Ал енді мал
шаруашылығын өндіру мəселесіне
келетін болсақ, кафедраның ұсынысы
негізінде біз осы кешенге түрлі мал
тұқымдарын алып, өсіру жұмыстарын
қолға алып жатырмыз. Бұндағы біздің
мақсатымыз отарлап мал ұстау емес,
бұндағы мақсат сол жерде аз да бол-
са мал басын ұстап, соның негізінде
оқу-ғылыми тəжірибелік жұмыстар
жүргізу болып отыр. Бір жағынан,
біздің студенттеріміз малдың, оның
түрлерін ажыратып, оларды бағып-қағу
əрекеттерін меңгеретіндей болады деген
ойдамыз. Содықтан да олардың яғни,
кафедраның тапсырыстары бойынша
арнайы жұмыстар атқарылып, мал
тұқымын алып жатырмыз. Жуырда ба-
стапта кеттік. Болашақта студенттеріміз
сол кешенге барып, ондағы малдарды
азықтандыру, ұрықтаныру, төлдету
сияқты мəселелер бойынша жұмыстар
жасап, тəжірибе жүзінде істер атқармақ.
Мақсатымыз егін егіп, мал өсіру емес.
Білікті мамандар дайындайтын оқу-
ғылыми кешен құру.