Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутат- тары, Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Бірнеше күннен кейін тарих ел
Тəуелсіздігінің 25 жылдығының
есебін бастайды. Небəрі ширек
ғасырда Қазақстан жаһандық
шаруашылық байланыстарға
қосылған егемен ұлттық эконо-
мика жəне ұлттардың əлемдік
о т б а с ы н ы ң т о л ы қ қ а н д ы
қатысушысына айналған мем-
лекет ретінде қалыптасты. Біз
бəріміз бірге көптеген сынақтарға
төтеп бердік, шынықтық жəне
нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл та-
рихымызда көз көрмеген табысты
экономикалық даму қарқынына
қол жеткіздік. Біздің халқымыз
бұған дейін ешқашан бүгінгідей
жақсы өмір сүрген емес. Біз көп
нəрселерге қол жеткіздік.
Қазір əлем шапшаң қарқынмен
өзгеруде. Басқаша дəуір туып
келеді. Біздің көз алдымыз-
да өзгеше мүмкіндіктері мен
тəуекелдері бар жаңа жаһандық
нақты ахуал пайда болуда.
Бүгінде Қазақстан экономикасына
əлемдік рыноктардағы құлдырау
туындатқан бірқатар сыртқы
факторлар теріс əсерін тигізуде.
Жаһандық дағдарыстардың шығу
төркіні біздерге байланысты емес.
Жаһандық дағдарыстар ықпалынан
ешкім де сақтанып қала алмайды.