ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стра- тагемамыз Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан
жолы мен Мəңгілік Ел идеясын бастап отырған
өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді,
орта мерзімді жəне таяу болашаққа арналған
іс-қимыл стратегияларымыз бар.
Қазір жəне кез келген басқа уақытта біздің
дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш
қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар,
даму ұғымдарымен үндес.
Біріншісі – өсім. Əңгіме ең алдымен,
экономикалық өсім туралы болып отыр.
Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда
бізге Қазақстанның əлемнің неғұрлым
дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін
экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру
қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып,
өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.
Екінші – реформалар. Олар экономиканың,
қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам»
Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз.
Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары
жүргізген реформалар ауқымына сəйкес. Бізге
мемлекеттік жəне корпоративтік менеджментті,
қаржы жəне фискалдық секторларды неғұрлым
тереңірек реформалау мейлінше қажет.
Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның
барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың
басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары əлеуметтік
жауапкершілік, халықтың неғұрлым əлсіз бу-
ындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл
мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке институттар-
ды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар
жүргізудеміз.