Желтоқсан 2015 жыл


Қазақстанның жас азаматтары!



Pdf көрінісі
бет12/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

Қазақстанның жас азаматтары!
Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді 
болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс 
пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.
Шеберліктің шыңына жете білсеңдер
мамандықтың бəрі жақсы. Қазір техникалық 
мамандықтардың, ғылым мен инновацияның 
күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай 
ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген 
адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ 
болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі ре-
формалар мен атқарып жатқан қыруар істердің 
бəрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.
* * *
Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын 
белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы 
мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен 
де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна 
пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі 
алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік 
тəжірибелерің, сендер қандай өмір жолын 
таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кəделеріңе 
жарайды.
Тұтастай алғанда, Жолдауда ілгерілетіп 
отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие 
жəне, əдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен 
қамтамасыз етілген. 2014-2015 жылдары шағын 
жəне орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге 
бөлініп үлгерілген болатын. «Нұрлы Жол» 
бағдарламалары жобаларына – 2,7 трилли-
он теңге. 2,7 триллион теңге Қазақстанға 
халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан 
бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 
миллиард доллар көлемінде несие берілді. 
Тұтастай алғанда, осы Жолдау жобаларын 
жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылмақ. 
Осы қаржыларды тиімді пайдалану – Үкіметтің 
басты міндеті жəне жауапкершілігі.
Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. 
Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен 
біз бүкіл əлем бойынша көптеген достар 
таптық. Олар бізді қолдап келеді. Сіздер менің 
сапарларыммен əлемнің жетекші елдерінің 
көшбасшыларымен келіссөздерімнің куəгерлері 
болдыңыздар. ҚХР-мен 23 миллиард долларға 
шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық ту-
ралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл – 40-тан 
астам жаңа кəсіпорын салынады деген сөз. Лон-
дон мен Парижге сапарларым да, экономикалық 
ынтымақтастық тұрғысынан алғанда, табы-
сты болды. Жасалған келісімшарттардың 
жалпы сомасы 11,5 миллиард долларды 
құрайды. Елімізге Ресей Президентінің са-
пары біздің дəстүрлі ізгі көршілестік қарым-
қатынастарымыздың тұрақтылығы мен 
беріктігін жəне экономикалық интеграцияның 
дамып келе жатқанын көрсетті. Жапония 
премьер-министрінің сапары инвестициялық 
жəне технологиялық ынтымақтастықтың 
көкжиегін кеңейтетін болады. Бізге тұңғыш рет 
«Тойота» концерні келіп, Қазақстанда автомо-
бильдер шығарады.
Басты нəтижелердің бірі бізге халықаралық 
қаржы институттарының жоғары сенімі 
болып табылады. Осындай күрделі кезеңде 
біздің реформаларымызды қолдай отырып, 
олар 9 миллиард доллар көлеміндегі қаржы 
ресурстарына қол жеткізуімізге жол ашты. Біз 
Еуропалық Одақпен тереңдетілген əріптестік 
пен ынтымақтастық туралы келісімге қол 
қойдық. Біз əлемдік қоғамдастықпен ядросыз 
əлем үшін, терроризм мен экстремизмге қарсы 
күресте біргеміз. Біз кез келген жанжалдардың 
бейбіт жолмен шешілгенін қалаймыз жəне осы 
үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасаймыз.
Дүниежүзінде біз бастаған реформалар 
туралы, Жүз қадам туралы жақсы біледі жəне 
оларды қолдайды. Біз достарымыздың көңілін 
қалдырмауға тиіспіз. Бұл реформалар, мен 
аталған Жолдауда алға қойған олармен өзара 
байланысты міндеттерді орындау оңай болмай-
ды, мүмкін, тіпті, ауыр соғуы ықтимал. Бірақ, 
оларға балама жоқ. Егер біз осының бəрін 
жасамайтын болсақ, онда əлемдік дамудан 
үмітсіз кейіндеп қаламыз. Бірақ біз, əдеттегідей, 
белгілегендеріміздің бəрін жасаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет