Желтоқсан 2015 жыл


IV. Дағдарысқа қарсы жəне



Pdf көрінісі
бет10/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

IV. Дағдарысқа қарсы жəне 
құрылымдық жаңарулардың бес бағыты
Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бой-
ынша дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық 
кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет.
* * *
Кəсіпкерлер, іскер азаматтар!
Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, 
аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жа-
сады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен 
жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің 
жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны 
заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты 
ел болу – бəсекеге қабілетті болу деген сөз. 
«Қазақстанда жасалған» əрбір бұйымда төрт 
қасиет – сапалы, ыңғайлы, əдемі жəне арзан 
болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз 
өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз 
керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды.
* * *
Төртіншіден, бізге техникалық кадр-
лар дайындау жүйесін барынша дамыту 
қажет. Техникалық жəне кəсіби білім беру 
инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының 
бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канада-
мен, Австралиямен жəне Сингапурмен кадрлар 
дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар 
бүкіл еліміз үшін техникалық жəне кəсіби білім 
беру жүйесінің моделі болады.
Бесіншіден, Қазақстан экономикасының 
инновациялық əлеуетін арттырған жөн. 
Болашақтың экономикасын құру үшін негіз 
қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды 
интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграци-
ялары, болашақтың энергетикасы, жобалау жəне 
инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту 
қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық 
жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Назар-
баев Университеттің «Астана бизнес кампусы» 
хайтек-паркінің базасы мен Алматыдағы «Ала-
тау» технопаркінде қалыптастырылатын қуатты 
зерттеу университеттері мен инновациялық 
кластерлері оның негізіне айналады. Астанада 
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған 
көрмесін өткізу бізге «жасыл технологияларға» 
негізделген жаңа энергетиканы белсенді 
дамытуға жақсы мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет