С уважением, ректор КГУ им.Ш.Уалиханова А.Абжаппаров Құрметті əріптестер жəне студенттер! Баршаңызды Республикамыздың
басты мерекесі – Тəуелсіздік күнімен
шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған
арманның жүзеге асқан, елімізге
еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық
құндылықтарымызды ұлықтап, əлемге
қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, на-
мысы берік халық ретінде жариялаған
Тəуелсіздік күні құтты болсын! Осындай
маңызы бар тарихи думанда еліміздің
туы асқақтап, келешегі көркейе берсін!
Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан
астында желбіреп, əлемге таныла берсін!
Қазақстанның тұрақты дамуы мен
кемелденуі жолындағы ерен еңбектеріңіз
табысты, барлық бастамаларыңыз сəтті
болсын! Тəуелсіздігіміз тұғырлы болып,
өркениет көшіне ілескен халқымызға
гүлдену мен көркею əкелсін.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы
болып табылатын осы салтанатты күні
Сіздерге игілік пен бақыт, береке мен
ырыс тілеймін. Денсаулықтарыңыз
мықты, отбасыларыңыз аман бол-
сын, ғылым мен білім жолында зор
жетістіктерге жете беріңіздер.