2
желтоқсан 2015 жыл
Алау
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:
ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
(Соңы. Басы 1-бетте).
Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей
бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тəуелсіздік
алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау
нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын
салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі
құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі
операцияларды өз елімізде, өз дəрігерлеріміз
жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтың
тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының
өсуінің нəтижесінде қазақстандықтардың орта-
ша өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.
Мемлекет қандай жағдайда да əлеуметтік
міндеттемелерін шашау шығармай орындап
келеді. Тарихымызды түгендеп, мəдениетімізді
өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюд-
жет қызметкерлерінің жалақысы, əлеуметтік
жəрдемақылар мен шəкіртақы орташа алғанда
30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы
халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз
өмір сүруіне толық негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: