ə) ОПҚ айтуынша, өткен жылдары Т.Н.Жарқынбековтің немқұрайлы жұмысы мен оның тарапынан қажетті құжаттардың дер кезінде дайын- далмауынан 40-қа жуық ғылыми жобалардың іске аспай қалғандығы. Осы мəселеге қатысы бар жауап- ты адамдарға қандай шаралар қолданылды, нақты бағасы берілді ме? - Бұл мəселеге келетін болсақ, осы
мəселеге қатысты барлық адамдар тиісті
тəртіптік жазаларын алған, сондықтан да
кезінде оған тиісті бағасы берілген.
б ) Б і р і н ш і п р о р е к т о р Т.Н.Жарқынбековтің жиі-жиі іс- сапарларға барып, ондағы қонақ үйлерде тұрдым деген түбіртек қағаздар мəселесі туралы сөздердің айтылуы. - Енді Т.Н.Жарқынбеков жиі-жиі
іс-сапарға барып, жалған түбіртек
қағаздарды алды деген сөздердің негізі
жоқ екенін айтқым келеді, себебі, барлық
іс-сапарлар БҒМ-нің рұқсатымен іске
асады. Ал шетелге баратын іс-сапарлар
болса, онда ол негізінен халықаралық
жобалардың қаржыландыруы арқылы,
жобаларға қатысы бар жағдайда
жүзеге асады. Біздегі бухгалтерия
бұл іс-сапарлар жөнінде есебін нақты
қадағалап, мемлекет қаулысына сəйкес
береді, сондықтан да ол жерде ешқандай
да заң бұзушылық орын алмағанын
айтқым келеді.