в) Тағы бір мəселе, бүгінгі күні университет оқытушыларының ба- спана мəселесі, яғни тұратын үй жет- пей жатқанда Т.Н.Жарқынбековтің бірнеше шаршы метрлік орынды иемденіп, бір өзіңің тұруы сияқты жайсыз сөздері. -Ал енді Т.Н.Жарқынбековтің тұрып
жатқан орны туралы айтатын болсақ,
бұл 2006 жылы КМУ рекоры Ш.Ибраев
бастамасымен арнайы бюджет есебінен
күрделі жөндеуден өткізіліп университет
басшылары тұратын статус берілген үй.
Сол жерде бұрынғы ректор Ш.Ибраев,
одан кейін ректор Н.Б.Қалабаев тұрған,
бұдан соң бұл үйде университеттің
бірінші проректоры Т.Н.Жарқынбеков
тұрып жатыр. Университет оған басқа
пəтер сатып алып беру мəселесін шешсе,
ол оны босатар еді. Университет басшы-
лары тұратын орын болғандықтан ол
сонда тұрып жатыр, бірақ коммуналдық
шығындарының барлығын ол өз
қалтасынан төлеп тұрады.