Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: Ӛлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б. Халқымыздың аса кӛрнекті ағартушысы, ақыл-ойшысы, қоғам
қайраткері ЬІбырай Алтынсариннің бұл жинағына әңгіме, ӛлеңдері, орыс
ағартушыларымен жазысқан хаттары, этнографиялық очерктері, оқу-
методикалық шығармалары еніп отыр.
Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Шариат-ул- ислам. – Алматы: Қазақстан; ТПО Қаламгер, 1991. – 80 б. Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсариннің
адамгершілік тәрбиесін басты нысана ете отырып, ислам дінінің мән-
мақсаттарымен таныстырған бұл еңбегі бір ғасыр бойы бірнеше толқын
ұрпақтың танымынан тыс қалып, мәдени қазынамыздың қорына қоса алмай
келдік.
Заман тынысы, уақыт талабы осыған дейін тарих тереңінде қалған
рухани мұраларымыздың қандайына болса да зердемен қарап, ұрпақ игілігіне
жарататын мезгілдің жеткенін дәлелдеп отыр. Бұл кітапты Сіздерге осындай
олқылыктардың орнын толтырсақ деген ізгі ниетпен ұсынып отырмыз,
қадірлі оқырман қауым!