Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет17/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

6-сурет. Кренлейн сызбасына. 
1-негізгі төменгі горизонтальді; 2-ортаңғы 
горизонтальді; 3-үшінші горизонтальді; (Брюсовтің); 1-алдыңғы вертикальді; 2-
ортаңғы вертикальді; 3-артқы вертикальді.
 
бойымен (8 сызық), АF нүктелері арасындағы кесіндіге сәйкес келеді (сызық алдыңғы 


22 
және артқы вертикалды сызықтарды қосады). Бұл жүлге (яғни, мидың бүйірлік 
саңылауы) мидың шекелік үлесін самай үлесінен бөліп тұрады (Сильвий сызығы деп 
аталады). 9) Жоғарғы горизонталды (ЕF) С.С.Брюсова сызығы алдыңғы вертикалды және 
жоғарғы горизонталды сызықтар қиылысатын нүктеден (Е) артқы вертикалды, жоғарғы 
горизонталды және 8-сызықтар қиылысатын нүктеге дейін (F) жүргізіледі. ЕF сызығы 
бойымен мидың алдыңғы артериясы (a.cerebri anterior) проекцияланады. Мидың артқы 
артериясы (a.cerebri post) 2-сызықтың 6 сызықпен қиылысқаннан кейінгі артқы бөлігіне 
сәйкес келеді. 
Мидың ортаңғы артериясының (a.cerebri media) өзінің негізгі тармақтарын беретін 
жері А нүктесіне (2- және 4-сызықтардың қиылысатын) проекцияланады. Ми қабығының 
ортаңғы артериясының (a.meningea media) басты бұтағы В нүктесіне – (1- және 4-
сызықтардың қиылысатын жеріне бетсүйек доғасының ортасында) тура келеді. Оның 
алдыңғы тармағы ВА сызығында және жоғарылау, артқы тармағы D нүктесіне 
сәйкестеледі. Кренлейн сызбасына толықтыру ретінде, соңғы артерияның басты бұтағы 
мен оның алдыңғы тармағының проекциясын анықтау үшін А.А. Бобров өз тәсілін 
ұсынды: аталған қантамырлар бетсүйек доғасынан жоғары тұста маңдай сүйектің беттік 
өсіндісінен 3 см артқа қарай жерде(6-сурет). Мидың қатты қабығының веналық 
синустарының орналасу проекциясы мынадай: sinus sagittalis sup.- сагиталды сызық (3) 
бойында, sinus transversus-linea nuche sup. бойында, ал sinus sygmoideus емізік тәрізді 
өсіндінің қыры артында. 
Ми қантамырларының клиникалық анатомиясын білу, оларға операция жасау үшін 
практикалық қолданбалы маңызы зор, сонымен қатар миға тікелей операциялық үрдістер 
барысында қантамырларынан қан кетірмеу тәсілдерін жетілдіруде қажетті мәселе. 
Ішкі ұйқы артериясының қуысты (торлы) веналық синустың шегіндегі орналасатын 
жері Кренлейн сызбасында MCDN төртбұрыштығының алдыңғы-төменгі бөлігіне 
проекцияланады (Бергман төртбұрышы). Осы аймақта отогендік (ортаңғы құлақтан 
келген) абсцесс те кездеседі. A. meningea media екі тармағының екеуінің де мидың 
қыртысына топографиялық қатынасы аса маңызды болып табылады. Оның артқы 
тармағының жүру жолы (D нүктесі) самай үлесінің орналасу қалпына сәйкес, мұнда сөз 
маңызын қабылдау, есту және музыкалық қабілеттердің орталықтары шоғырланған. Бұл 
клиникалық мәліметтер ми қабығының ортаңғы артериясының және оның бұтақтарының 
жарақаттануы нәтижесінде болатын эпидуралды гематомаларды диагноздау үшін де 
маңызды. Аталған артерияның өзі немесе алдыңғы тармағы зақымданғанда бет 
бұлшықеттерінің, одан кейін жарақатқа қарама-қарсы жақтағы қолдың бұлшықеттерінің 
тырысып қалуы пайда болады. Бұлшықеттердің тырысуы соңынан параличке жалғасады. 
Аяқ бұлшықеттерінде мұндай тырысқақтар бәсеңдеу болады немесе мүлдем болмауы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет