Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Бассүйек – ми топографиясының Кренлейн сызбасы



Pdf көрінісі
бет16/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Бассүйек – ми топографиясының Кренлейн сызбасы 
Бастың сүйектері сынғанда, бассүйек қуысына қан құйылғанда, қабыну аурулары 
кезінде, мидың және оның қабықтарының жаңа өспелері пайда болғанда бассүйекке 
трепанация (тесу) операциясын жасау көрсетілген – яғни науқастың бассүйегі ішіндегі 
келеңсіз заттарды алып тастау үшін бастың жұмсақ тіндерін тіліп сүйегін тесіп ашу. 
Мұндай операцияны жасау үшін клиникалық көрсеткіштер негізінде зақымдану орнын 
дәл анықтау өте маңызды. Бұл үшін бассүйектің әртүрлі болып келетін пішініне 
байланысты мидың психикалық – қозғалтқыштың орталықтарын, орталық және 
латералды жүлгелерін, ми қатпарларын, ми мен оның қабықтарының тамырларын бас 
терісіне проекциясын анықтауға мүмкіншілік беретін ерекше сызбаларды қолданады. 
Ұсынылған сызбалардың (схемалардың) ішінде неғұрлым ұтымдысы және практикалық 
жағынан кеңірек қолданылатыны бассүйек – ми топографиясының Кренлейн ұсынған 


21 
және С.С. Брюсова толықтырған сызба болып табылады. Ол бойынша шашы қырылған 
бас терісіне бояулы қаламмен 9 сызық түсіріледі: 
1)
төменгі (бірінші немесе негізгі) көзұясының төменгі қырынан бетсүйек доғасы 
арқылы сыртқы есту тесігінің жоғарғы шетімен жалғастыратын горизонталды сызық (1); 
2)
ортаңғы (екінші) горизонталды сызық – көзұясының жоғарғы қырынан артқа 
қарай төменгі горизонталды сызыққа параллелді бағытта жүргізіледі (2); 
3)
сагиталды сызық – мұрын қырының ортасынан сыртқы шүйде төмпешігіне дейін 
(бассүйектің жебе тәрізді тігісі бойымен) (3); 
4)
алдыңғы вертикалды сызық – бетсүйек доғасының ортасымен бірінші 
горизонталды сызыққа перпендикулярлық бағытта (4); 
5)
ортаңғы вертикалды сызық – төменгі жақсүйектің буындық басының ортасы 
арқылы (5); 
6)
артқы вертикалды сызық – емізік тәрізді өсінді негізінің артқы нүктесі арқылы 
(6); 
Аталған үш вертикалды сызықтар горизонталды сызықтарға перпендикулярлық 
бағытта сагиталды сызықпен қиылысқанша жүргізіледі. Орталық (Роланд) жүлгесінің 
проекциясы алдыңғы вертикалды сызықтың ортаңғы горизонталды сызықпен қиылысқан 
А-нүктесінен артқы вертикалды сызықтың сагиталды сызықпен қиылысатын нүктесіне 
дейін өтетін сызыққа (7) сәйкес келеді. Бұл сызықтың ортаңғы және артқы вертикалды 
сызықтар арасындағы кесіндісі орталық жүлгенің ұзындығына сәйкес деп есептелінеді (R 
нүктесінен 3 және 6 сызықтардың қиылысқан нүктесіне дейін). Орталық жүлгенің 
алдындағы ми қыртысы қатпарында қозғалтқыш, ал артқысында сезімтал орталықтар 
шоғырланған. 8) Латералды (Сильвий) жүлгесі А нүктесінен басталатын 7 және 2 
сызықтар жасаған бұрыштық бисектрисасы
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет