Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Бастың бет бөлімі (redio facialis)



Pdf көрінісі
бет18/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
Бастың бет бөлімі (redio facialis) 
Бастың бет бөлімі милық бөлімнен көзұясының жоғарғы қырынан, бетсүйек пен 
оның доғасы арқылы, есту жолы тесігімен емізік тәрізді өсіндінің алдыңғы қырларымен 
өтетін сызықпен шектелген. Мойыннан бет бөлімі төменгі жақсүйектің төменгі қырымен, 
одан әрі оның бұрышынан емізік тәрізді өсіндінің ұшына дейін жүретін шекарамен 
бөлінген. Бет бөлімінде шарты түрде бөлінген төрт қуысты – көзұясы, мұрын, ауыз 
қуыстары және ауыз қуысына жанама орналасқан иек асты аймағын, сонымен қатар 
беттің бүйірлік аймағын ажыратады. Соңғысы беткей (ұртық, шықшыт - шайнау) және 


23 
терең аймақтарға бөлініп қарастырылады. 
Бетті зерттеу барысында, көзұясының сүйекті қырларын, мұрынның сүйектік 
жотасын, мұрынның алмұрт тәрізді тесігін, бетсүйектерді және оның доғаларын, төменгі 
жақ сүйектің пішіндері мен оның буындарын сипап тексеріп алған абзал. 
Беттің пішіні 97% ассиметриялы болып келеді, бұл беттің сүйектік негізіне, 
бұлшықеттеріне және теріасты майлы шел көлеміне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет