Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Көз ұясы аймағы (regio orbitalis)



Pdf көрінісі
бет21/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
Көз ұясы аймағы (regio orbitalis) 
Шекаралары.
Алдынан көз ұясына кірер жерге сәйкес келеді және жоғарғы 
жағында маңдай сүйектің көзұялық қырымен, латералды және шамалы төменгі жағында
бетсүйек қырымен, төменгі және медиалды бөлігінде жоғарғы жақсүйек қырымен және 
оның өсіндісімен шектелген. Сүйектерден құралған көзұя шұңқыры пирамида пішінді,
оның ұшы ішке және артқа бағытталған, көру өзегінің тесігіне сәйкес келеді. Көз 
ұясының қабырғалары берік сүйек қабығымен тысталған, ол сүйектермен борпылдақ 
түрде жанасады да, көзұясының шеткі қырлары мен тесіктері тұсында тығыз бекінеді. 
Көз ұясы ішінде көз алмасы, оның бұлшықеттері, қантамырлары мен нервтері 
орналасқан. Көз алмасының артқы жағында майлы шел қабаты бар. Көз ұясының 
жоғарғы қабырғасы маңдай синусымен және бассүйектің алдыңғы шұңқырының түбімен 
шекаралас, төменгі қабырғасы жоғарғы жақсүйек (Гаймор) қойнауының төбесін 
құрайды; ішкі қабырғасы торлы сүйектің ұяшықтары мен сына тәрізді сүйектің 
синусымен шектес жатады. Осыған байланысты, қабыну процестері мен гематомалар 
көршілес қуыстарға немесе керісінше бағытта ауыса алатын мүмкіншіліктер сақталады.
Қабыну үдерістері мен гематомалар көз ұясынан қантамырлық-нервтік шоғырларды 
қоршаған шелмай қабаттар арқылы таралуы мүмкін. Көру өзегі мен көз ұясы жоғарғы 
саңылауы арқылы көзұясы бассүйек қуысымен байланысады. Көз ұясы төменгі көзұялық 
саңылау мен самай өзегі арқылы самай асты және қанат-таңдай шұңқырлармен 
қатынасады. Мұрын-көзжас өзегі мен сынасүйек-таңдай тесігі мұрын қуысына ашылады. 
Көз алмасының алдыңғы жағы қабақтармен жабылған, олардың терісі жұқа, нәзік, 


28 
құрамында май және тер бездері бар. Қабақтардың бір-біріне жанасатын шеттерінде 
кірпіктер және олардың бездері (Мейбомий) орналасқан, олар кірпіктерді майлап 
тұратын секрет шығарады. Тері асты шелмай қабаты борпылдақ болады, онда артериялар 
мен веналар тарамдалған. Көз артериясы (ішкі ұйқы артериясының тармағы) көз ұясына 
көру нервімен бірге көру өзегі арқылы кіреді. Көз венасы көз ұясынан оның жоғарғы 
саңылауы арқылы бет веналарымен анастомоз жасайды. Көз ұясына жоғарғы саңылауы 
арқылы көз қозғалту, шығыршықты және әкетуші нервтер де кіреді (ІІІ, ІҮ, ҮІ жұп). 
Дәнекер тіндік қабық (конъюктива) қабақтардың ішкі бетін тыстайды, содан кейін 
көз алмасына ауысып, конъюктивалық қапшықты жасайды. Көз ұясының жоғарғы 
латералды бөлігінің ішкі жағындағы шұңқыршада көзжас безі орналасқан. Көзжас 
сұйықтығы көздің мөлдір қабығын жуып, кішкене өзекшелер арқылы көздің ішкі-
медиалды бұрышында жатқан көзжас қапшығына құйылады да, одан әрі көзжас-мұрын 
өзекшесімен мұрын қуысына ашылады. Көзжас қапшығы өте нәзік бұлшықет 
талшықтарымен қоршалған, олар қапшықтың бірде кеңейіп, бірде тарылуына әсер етіп, 
жастың көзжас өзекшелеріне сорылуына көмектеседі. Аталған бұлшықет талшықтары 
көздің айналма бұлшықетінің бөлігі болып табылады. Бұл бұлшықет көз саңылауын 
қоршай орналасқан және қабықтарды қағу, көзді жұму немесе қатты қысу қызметтерін 
атқарады. Көз ұясы ішкі шелмайда жеті бұлшықетті ажыратады. Олардың біреуі жоғарғы 
қабықты көтереді, қалғандары көз алмасын жан-жаққа айналдырады. Бұлардың ішінде 4 
тік бұлшықет және 2 қиғаш бұлшықет бар. Бәрі дерлік көз ұясының артқы жағындағы 
көру өзегінің тесігі маңынан басталып, көздің сыртқы ақ қабығына бекінеді. 
Көз алмасы (bulbus oculi) сыртынан үш қабықпен тысталған: сыртқысы фиброзды 
(дәнекер тіндік), ортаңғысы тамырлы және ішкісі торлы қабық (retina). 1) Фиброзды 
қабық қорғаныстық маңыз атқарады. Оның бүйірлік және артқы бөлігі склера (ақ қабық), 
ал алдыңғысы – мөлдiр қабық (cornea). Склера (sclera) қатты тығыз ақ түсті дәнекер тін. 
Оның алдыңғы, екі қабақтың арасынан көрінетін бөлігін – көздің ағы деп атайды. Мөлдір 
қабық – склераның алдыңғы бөлігі, сағат бетіндегі мөлдір әйнек іспеттес. 2) Тамырлы 
қабық склера астында жатыр, үш бөлімнен құралған: өзіндік тамырлы қабық (chorioideа), 
кірпікшелі дене (corpus ciliare) және нұрлы қабық (iris). Өзіндік тамырлы қабық ортаңғы 
қабықтың артқы үлкен бөлігін алып жатады, құрамында пигмент көп және 
қантамырларға бай. Кірпікшелі дене-тамырлы қабықтың жуандау бөлігі, сыртындағы 
склераның мөлдір қабыққа ауысатын шекарасында, нұрлы қабықпен жалғасады. Нұрлы 
қабық – тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі, дөңгелек пішінді, ортасында дөңгелек тесігі 
(қарашық) бар, вертикалды орналасқан табақша. Нұрлы қабық көзге түсетін жарық 
мөлшерін реттеп тұратын диафрагма міндетін атқарады. Жарық энергиясы көз арқылы 
қабылданып, организмнің бүкіл ішкі ортасын белсенді қалыпқа өткізеді. Нұрлы қабық 
қозғалғыш және офтальмоскоп (иридоскоп) арқылы көру алаңын 10-35 есе үлкейтіп 
қараса ерекше әдемі құрылым. Нұрлы қабықтың негізін дәнекер тін құрайды, құрамында 
шеткі бөлігінен ортасындағы қарашыққа қарай радиалды бағытта тамырлар орналасқан 
(көз артериясының бұтақтары). Қарашық жағындағы шетінде кіші артериялық доға, ал 
кірпікшелі дене жағындағы шетінде үлкен артериялық доға бар, олар өзара 
анастомоздармен байланысқан. Дәнекер тінмен бірігіп, тамырлар нұрлы қабықтың 
серпімді – созылғыш тор тәрізді қаңқасын құрайды.
Нұрлы қабықтың қозғалыстары (қарашықтың үлкейіп, кішіреюі) құрамындағы тегіс 
салалы бұлшықеттер (m.sphincter pupillae, m. dilatator pupillae) есебінен іске асады. 
Олардың жиырулары бір-біріне тығыз байланысты. Қарашықты кішірейтетін бұлшықет 


29 
талшықтары сақина тәрізді бағытта орналасқан және n.oculomotorius құрамындағы 
парасимпатикалық талшықтардан нервтенеді. Ал қарашықты үлкейтетін бұлшықет 
талшықтары радиалды бағытта орналасады, ол симпатикалық талшықтармен қамтамасыз 
етіледі. Сезімтал талшықтар үшкіл нервтің құрамынан келеді. Нұрлы қабықтан веналық 
қан көз веналарына, одан әрі қуысты синусқа барып құйылады. Нұрлы қабық өте күрделі 
құрылым. Оның тереңгі қабаттарының шығу тегі мидың аралық бөлімінен туындайды. 
Нұрлы қабық өте бай қантамырлар торымен, нерв талшықтарымен, бұлшықеттік 
элементтермен, хромотофорлық жасушалармен қамтамасыз етілген. Хроматофорлық 
жасушалардың болуынан көздің түсі байланысты болады. Нұрлы қабық тек жарыққа 
реакция беретін экран ғана емес, сонымен қатар организм ішіндегі ауру тудыратын 
ауытқуларды сезетін индикатор ретінде де қарастырылады. Атап айтқанда, пигменттік 
жасушалар (рецепторлық - хроматофорлар) жарық әсерінен қорғау, антимикробтық және 
рак ауруына қарсылық әсер т.б. функциялар атқарады. Дәрігер – иридодиагност нұрлы 
қабықтың бір қатар белгілеріне қарап, атап айтқанда: нұрлы қабықтың құрылыстық 
типтеріне, жарыққа және түстерге реакциясына, рельефіне, әралуан шұңқыршалары мен 
дақтарына т.б. байланысты организмнің жаратылыстық ерекшеліктеріне, ішкі зат алмасу 
жағдайларына, қартаю үдерістеріне, организмнің ауруға қарсы тұру мүмкіншіліктеріне 
баға бере алады.
Бұдан көп жылдар бұрын иридологтардың халықаралық ассоцияциясы құрылған. 
Кейбір ауруларды нұрлы қабық арқылы диагноздау дәлдігі 97,2% жетеді. Төменде 
көрсетілген түрлі-түсті сызбада нұрлы қабыққа түсетін ішкі ағзалардың проекциясы 
берілген (№ сурет). 
3) Ең тереңгіде орналасқан – торлы қабықта (retina) жарыққа сезімтал көру 
жасушалары шоғырланған, олардың шеткі ұштары таяқша және құтыша пішіндес болып 
келеді. Көздің ішкі ядросы құрамына кіретіндер: көз бұршағы (екі жағы дөңес линза 
пішіндес), шыны тәрізді дене және ылғалды сұйықтық. Бұлардың бәрі мөлдір және 
жарықсындырғыш қасиетті. Арнаулы сезімталдық нерв көру нерві (n.opticus) болып 
табылады, ол торлы қабықта жататын мультиполярлық нейрондардың аксондарынан 
құралған. Өз кезегінде аталған нейрондар, торлы қабықтағы биполярлық нейрондармен 
байланысса, соңғылары жоғарыда айтылған таяқша және құтыша тәрізді жарықсезгіш 
жасушалармен байланыс жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет