Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет23/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
Ауыз аймағы (redio oralis) 
Шекаралары.
Жоғарыдан – мұрын пердесінің терілік бөлігінің астымен өтетін 
горизонталды сызық, бүйірлерінен – мұрын-ерін қатпарлары (сайлары), төменнен – иек 
асты қыртысы бойымен жүргізілетін горизонталды сызық.
Қабаттары.
Терісі тығыздау, құрамында май бездері мен түктері көп (әсіресе ер 
адамдарда). Еріндерде терілік қабат кілегейлі қабыққа ауысып, ауыз қуысы ішіне 
жалғасады. Тері асты шелмайлы қабат борпылдақ, онда сақина тәрізді бағытта 
орналасқан жоғарғы және төменгі еріндердің артериялары мен веналардың тармақтары 
жатады. Ауыз маңайы мен еріндердің ішінде ымдау бұлшықеттері бар. Терісі үшкіл 
нервтің тармақтарынан, ал ымдау бұлшықеттері бет нервімен нервтеледі. Ауыз 
қуысында екі бөлікті ажыратады: ауыз қуысының кіреберісі және меншікті ауыз қуысы. 
Кіреберісі – бір жағынан ұрттар мен еріндердің ішкі беттерімен, екінші жағынан 
жабылған тістер мен жақсүйектердің алвеолярлық өсінділерімен шектелген кеңістік 
болып табылады. Ұрттың кілегейлі қабығында 2-ші жоғарғы үлкен азу тіс тұсында құлақ 
маңы (шықшыт) безінің сілекей шығару түтігінің тесігі ашылады. Ауыз қуысының 
өзіндік (меншікті) бөлігі алдыңғы және бүйірлік жақтарынан жабылған тістердің, 
қызылиектердің, ұрттардың және жақсүйектердің ішкі беттерімен: жоғарыдан – қатты 
таңдай (алдыңғы жағы) және жұмсақ таңдайдан (артқы жағы) тұратын таңдай күмбезімен 
шектелсе, төменде ауыз қуысының түбін жабатын бұлшықеттермен шектелген. Ауыз 
қуысы артқы жағында аңқа арқылы жұтқыншаққа (ауыз-жұтқыншақ) ашылады. Аңқа 
(астың ауыз қуысынан жұтқыншаққа өтетін жері) таңдай пердесімен, таңдай 


32 
доғашықтарымен және тілдің түбірімен шектелген. Таңдай доғашықтары – бұл жұмсақ 
таңдай пердесінің тілдің екі бүйіріне және жұтқыншақ қабырғасына созылған оң және 
сол алдыңғы және артқы қатпары болып табылады. Алдыңғы доғашық – таңдай – тіл, ал 
артқысы таңдай-жұтқыншақ доғашығы деп аталады, олардың ішінде аттас бұлшықеттер 
(m.palatoglossus, m.palatopharyngeus) орналасқан. Екі жақтағы доғашықтар арасында 
таңдай бадамша бездері (tonsillae palatinae) жатады. Таңдай пердесінің салбырап тұратын 
ортасы – тілшік деп аталады. Бұлардың құрамында таңдай пердесін көтеретін (m.levator 
veli palatini) және тілшік (m.ululae) бұлшықеттері орналасқан.
Ауыз қуысы жұтқыншақпен қатынасатын тұста (аңқа) үш бадамша бездер (екі 
таңдай және бір тіл) мұрынжұтқыншақ тұсындағы үш бадамша бездермен (екі есту 
түтікшелік және бір жұтқыншақтың) қосылып лимфоидтық шеңберді (Пирогов-
Вальдейер) құрайды. Ауыз қуысының түбі (диафрагмасы) төменгі жақ сүйектен тіл асты 
сүйегіне және тілге бағытталған бұлшықеттерден құралған, олардың ішкі беттерінде 
тіласты сілекей бездері жатады, сонымен қатар қантамырлары мен нервтер тарамдалған 
(v.lingualis, n. lingualis, n.hypoglossus т.б.). Ауыз қуысының түбін құрайтын негізгі 
бұлшықет – жақсүйек-тіласты бұлшықеті (m.mylohyoideus), одан басқа тағы иек – 
тіласты және екі қарыншалы бұлшықеттер қосылады (m.geniohyoideus, m.digastricas). 
Тілдің астында, оны жоғары көтергенде, дәл ортасында сагитталды бағытта тілдің 
жүгеншесі деп аталатын қатпарша созылып тұрады. Жүгеншенің екі бүйірінде кілегей 
қабықта жақ-сүйекасты және тіласты сілекей бездерінің шығару өзекшелері ашылады. 
Жүгенше балаларда тым қысқа болуы мүмкін, мұндай жағдайда балалардың сөйлеу 
кемістігін жою мақсатында оны кесуге тура келеді. Тілдің жоғарғы және төменгі 
беттерін, сондай-ақ алдында ұшын, артында түбірін ажыратады. Жоғарғы бетінде, 
әсіресе артқы бөлімінде өте көп бүртіктер орналасқан. Ортаңғы сызық бойында, 
неғұрлым тіл түбіріне жақын, кейде эмбрионалдық қалдық – соқыр тесік кездеседі. 
Тілдің түбірі тегістей тіл бадамшасымен жабылған (tonsilla lingualis). Тілдің тамырлары: 
тіл артериясының тармақтары (сыртқы ұйқы артериясынан), аттас веналар – қанат тәрізді 
және жұтқыншақ веналық өрімдермен анастомоз жасайды. Тілге бірнеше нервтерден 
бұтақтар келеді – тіл асты, тіл және тіл-жұтқыншақ нервтерінен (n.hypoglossus, 
n.lingualis, n.glossopharyngeus), сондай-ақ chorda timpani тіл нервісімен келіп, арнаулы 
дәм сезу талшықтарын әкеледі. 
Жұтқыншақ (pharynx) – алдынан мұрын, ауыз және көмей қуыстарына ашылатын, ал 
төменде өңешке жалғасатын бұлшықетті түтік тәрізді ағза. Жұтқыншақты үш бөлікке 
бөледі: 1) жоғарғы – мұрын бөлігі (мұрын-жұтқыншақ) хоандар арқылы мұрын қуысына 
ашылады, бүйірлік қабырғаларында есту түтіктерінің (Евстахий) тесіктері ашылады 
(ортаңғы құлақ қуысымен байланыстырады). Түтік тесіктерінің жанындағы кілегей 
қабықта екі есту түтігі бадамша бездері шоғырланған (tonsillac tubariae); 2) ортаңғы – 
ауыз бөлігі (ауыз-жұтқыншақ) жұмсақ таңдайдан көмей үсті қақпақшасына дейін. Бұл 
бөлік жоғарыда айтылған аңқа арқылы ауыз қуысымен байланысады; 3) төменгі–көмей 
бөлігі (көмей-жұтқыншақ) көмейдің артында жатыр, көмей қақпақшасынан 
жұтқыншақтың өңешке ауысатын жеріне дейін. Жоғарғы қабырғасы (күмбезі) 
бассүйектің сыртқы негізіне бекінген (шүйде сүйектің жұтқыншақтың төмпешігіне). Осы 
жерде кілегей қабықта жұтқыншақ бадамшасы жатыр (tonsilla pharyngea). Артқы 
қабырғасы жоғарғы алты мойын омыртқаларының алдыңғы беттеріне жанасып жатыр, 
олардың арасында тек fascia prevertebralis бар. 
Жұтқыншақ қабаттары. Артқы және бүйірлік қабырғасы кілегейлі қабықпен 


33 
жабылған, одан тереңірек бұлшықет қабаты жатыр, ал сыртынан – жұтқыншақ фасциясы 
жауып тұр. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының сыртқы бетімен омыртқа алды фасция 
арасында шелмай қабаты орналасқан, онда жұтқыншақ арты лимфа түйіндері 
шоғырланған, оларға таңдай т.б. бадамша бездерден, ауыз және мұрын қуыстарының 
артқы бөлімдерінен келетін лимфа тамырлары құйылады. Лимфа жолдарымен инфекция 
жұтқыншақ артындағы шелмай кеңістікке өтіп кетсе, жұтқыншақ арты абсцесстің 
түзілуіне әкелуі мүмкін. Жұтқыншақ арты шелмай кеңістік, жұтқыншақтың бүйірлік 
және өңеш маңайы шелмайлармен байланысқан, сондықтан бұл іріңдік процестің таралу 
жолдарын көрсетеді. Жұтқыншақты артериялық қанмен қамтамасыз ететін тамырлар: 
a.pharyngea ascendens, a.thyroidea superior (сыртқы ұйқы артерия арнасынан), ал веналары 
жақсы дамыған жұтқыншақ венасын өрімін құрайды, олар ішкі мойындырық венасына 
құяды. Аталған аймақ бас нервтерінің IX және X жұптары есебінен нервтенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет