Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы



бет18/23
Дата02.01.2022
өлшемі489 Kb.
#107822
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дип.-Саяси-партиялардың-құқықты
Дип.-Саяси-партиялардың-құқықты
Келісімсіз-ақ құрылушы тәртіп бойынша саяси партиялар мемлекеттік органдардың алдын ала келісімінсіз-ақ құрылады және құрылу фактісінен соң бірден заңды болып табылады. Бұл тәртіп бойынша партияны қандай да бір органның міндетті тіркеуі қажет емес. Мұндай ереже саяси партиялардың қалыптасуының шексіз еркіндігіне кепілдік береді және партия туралы заңы жоқ елдерде жұмыс істейді. Бұларға бірқатар Еуропа мемлекеттері (Дания, Швеция, Ұлыбритания, Бельгия және т.б.), британ достастығына мүше мемлекеттер (Канада, Жаңа Зеландия, Автралия), АҚШ кіреді. Партиялардың келісімсіз-ақ құрылу тәртібінің мәнін Францияның Конституциялық Кеңесінің 1971 жылғы 16 шілдедегі ассоциациялар туралы шешімінде жақсы ашқан: «Ассоциациялар өздерінің құрылтайшыларының еркі бойынша ғана өмір сүретіндігі жайлы конституциялық қағида бар. Олардың кейбірін тану үшін, алдын ала бақылау орнату осы қағидаға қайшы келеді және сондықтан да конституциялық емес болып табылады» [17. 72 бет].

Алайда, атап өту керек, заңды тұлға мәртебесін алу үшін, яғни, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі аталу үшін азаматтық заңның нормаларына сәйкес саяси партиялар тіркеуден өтуі тиіс. Бұл тәртіп бойынша заңды тұлға мәртебесін алу міндетті емес және партияның өзінің еркіне байланысты. Тіркелмеу не одан бас тарту партияның мәртебесіне саяси процестің субъектісі ретінде әсер етпейді. Барлық партиялар саяси қатынастар кеңістігінде өзінің қызметін еркін жүзеге асырады.

Сөйтіп, саяси партиялар еркін құрылады және қандай да бір құқықтық рәсімделусіз-ақ өмір сүреді. Сөйтсе де, партиялардың құрылуының бұл тәртібін шартты деп есептеуге болады.

Кез келген партияның стратегиялық мақсаты, оның өмірінің мәні – сайлау арқылы мемлекеттік билікке ие болу және оны жүзеге асыру. Осыған орай, партиялардың келісімсіз-ақ құрылу тәртібі бар көптеген мемлекеттерде саяси партияларды сайлау процесінің қатысушылары ретінде мемлекеттік тіркеу тәжірибесі қолданылады. Басқаша айтқанда, саяси партиялар шын мәнінде заңды болып сайлау кезінде танылады.

Жалпы алғанда, келісімсіз-ақ құрылу тәртібі, партияларды қалыптастырудың демократиялық нысаны болып табылады, ол қандай да бір шектеусіз бірлесуге максимальды еркіндік береді. Партиялардың мұндай еркіндігі, әлдеқайда дамыған демократиялық мемлекеттерде қолданылады. Алайда, бұл мемлекеттердің бай саяси дәстүрі, азаматтарының жоғары құқықтық және саяси мәдениеті бар екенін атап өтуіміз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет