Пастер ғасырына дейінгі кезең



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі60,28 Kb.
#95561
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-2 дәріс
лекция 12 каз, 1514212162, 1514212162
Дәріс 1-2.
Тақырыбы: Пәнді зерттеу мақсаты. Негізгі түсініктері. Биотехнологияның даму кезеңдері мен бағыттары


Талқылауға арналған негізгі сұрақтар:

  1. Пәнді зерттеу мақсаты, оның «Биотехнология» мамандығы студенттерінің білім алу бағдарламасындағы орны

  2. Биотехнологияның негізгі терминдері және анықтамалары, микроорганизм-продуценттерге қойылатын талаптар?

  3. Биотехнология дамуының кезеңдері?

  4. Биотехнологиядағы негізгі бағыттар?

Бұл пән «Микробиология негіздері», «Биохимия», «Биотехнология өндірісінің негіздері», және т.б. жалпы білім беретін пәндерді зерттеу кезінде студенттердің алған біліміне негізделген.


Бұл пәнді оқу мақсаты ретінде студенттердің қазіргі кездегі тағам биотехнологиясы облысында теориялық білім алу, дағдылар мен білімдерінің қалыптасуы болып келеді.
Биотехнология – бұл микроорганизмдерді, жануар және өсімдік клеткасын немесе клеткадан жекеленген биологиялық құрылымдарды қолдана отырып, адамға пайдалы заттарды, азық-түліктерді алу әдісін зерттейтін ғылым.
Өнеркәсіптік микробиология биотехнологияның негізгі бөлігін құрайды. Бұл маңызды микробиологиялық процестер және олардың микроорганизмдердің тіршілік әрекеті, олардың ақуыздық азық ретіндегі биомассасының өнеркәсіптік әдіспен бағалы азықтарды алудың практикалық қолданысы,ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылатын жеке пайдалы заттар мен препараттарды алу туралы ғылым.
Тағам биотехнологиясы биотехнологияның ең маңызды тарауларының бірі болып келеді. Мыңдаған жылдар бойы адамдар, негізінде микробиологиялық ферментация әдісі жатқанын білместен, ірімшік, сірке суы, спирт сусындары және т.б. азықтарды ойдағыдай алатын-ды. Тағам биотехнологиясы арқылы қазіргі кезде сыра, шарап, спирт, нан, сірке суы, ашыған сүт өнімдері, дымқылысталған және сүр ет салған өнiмдер және т.б. тағамдық өнімдер алады. Сонымен қатар, тағам биотехнологиясы тағамдық өнеркәсіпте қолданылатын қосылыстар мен заттарды алу үшін қолданылады: бұлар лимон, сүт және басқа да органикалық қышқылдар; әр түрлi әсердiң ферменттiк препараттары - протеолит, амилолитиялы, целлюлолитикалы; аминқышқылдар және басқа да тағамдық және биологиялық белсенді қосылыстар.
Тағам биотехнологиясының маңызы тауартану және сараптамалар облысындағы мамандар үшін келесімен анықталады: микроорганизмдерді немесе ферменттік препараттарды, тағам өнімдерін өндірген кезде биотехнологиялық процестерді қолдану азық-түлiк тауарларының тұтынушы қасиеттерi мен сапа көрсеткiштерiне маңызды ықпалы тиеді. Тауар танушы-сарапшыға биотехнологиялық процесстерi туралы бiлiм азық-түлiк тауарларының бұзылу себебi және тауарлардың маңызды сандық жоғалтуға әкелетін мiндердiң пайда болуын анықтауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, ашытқылардың терiс қолдануы сапаның нашарлауына және қышқыл сүт өнiмнiң мiндерiнiң пайда болуына келтiре алады. Басқа жағынан, микроорганизмдердің жаңа штаммдарын қолдану сыра, шарап және т.б. азық өнімдеріне жаңа ерекше дәм және хош иiстiң жаңа ерекше реңдерiн бере алады.
Биотехнологиялық әдіспен алынған ферментті препараттар мен басқа да қосылыстарды қолдану тағам өнімдерінің өндіріс технологиялық процестерін ықшамдауға және интенсификациясына, олардың қасиеттерінің жақсаруына және сақтау мерзімдерінің ұзартылуына жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет