Есеп № 2
28 жасар К. есімді науқас, баспамен ауырғаннан кейін 3 аптадан соң белінің сырқырап ауыратынына, бас ауруына, жиі зәр бөлетініне, бетінің ісінуіне (әсіресе таңертеңгілікте), ентігетініне, шөлдей беретініне шағымда-нып клиникаға түсті.
Тексеріс кезінде: науқас бозарған, аяқтары ісінген, әсіресе бетінін ісіну айқын байқалады. АҚ – 180/100, ЖЖЖ -100, ЭКГ-да миокардтың диффуздық зақымдалу белгілері бар. Қанда: Нв-100 г/л, қалдық азот 70-85 ммоль/л, антистрептолизин О титрі мен глобулиндер фракциясы мөлшері жоғарлаған, альбуминдер мен комплемент фракциясы мөлшері төмендеген, ЭТЖ – 26 мм/сағ. Пастернацкий симптомы оң. Тәуліктік диурез -1л, зәрдің салыс-тырмалы тығыздығы -1029, концентрациялық индексі – 3,3. Зәр бұлдыр, түрі «ет жуындысы» тәріздес, құрамында «көлеңке» түріндегі эритроциттер өте көп, лейкоциттер көру аймағында 6-8 дейін, гиалиндік цилиндрлер көру аймағында – 3-4, белок – 1,5-2 г/л (молекулярлық массасы 70000 төмен, селективтілік индексі 0,1 төмен). Креатинин клиренсі тиісті мөлшерден 50% аз. Бүйректің пункциялық биоптатында «бүкір симптомы» анықталған.
Науқаста қандай ауру дамыған? Қорытындыны дәлелдеңіз.
Осы нефропатияның этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Бүйректің фильтрациялық және концентрациялық қызметтерін бағалаңыз.
Симптомдар мен синдромдар механизмін түсіндіріңіз.
Қалдық азот дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |