Есеп № 37
Науқас Г., 49 жаста, жалпы әлсіздікке, жиі дене температурасы 38,0º С дейін жоғарлап кететініне, шырышты-іріңді қақырық бөлетініне шағымданады.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 4,1х /л
Гемоглобин 135 г/л
Түсті көрсеткіш 1,0
Лейкоциттер 10,2х /л
Лейкоцитарлық формула
Жас жасушалар 0
Таяқша ядролы 1%
Сегменттік ядролы 35%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 53%
Моноциттер 8%
Тромбоциттер 220х /л
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%.
Науқаста шеткері қан құрамының қандай өзгерістері байқалған?
Мұндай өзгерістер қандай патологиялық жағдайда байқалады?
Есеп № 38
Науқас Г., 37 жаста, ұршық буынының туберкулезін операциялық жолмен емдеу үшін хирургиялық бөлімге жатқызылған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 4,3х /л
Гемоглобин 125 г/л
Түсті көрсеткіш 0,85
Лейкоциттер 47х /л
Лейкоцитарлық формула
Миелоциттер 1%
Жас жасушалар 2%
Таяқша ядролы 5%
Сегменттік ядролы 27%
Эозинофилдер 1,5%
Базофильдер 0,5%
Лимфоциттер 51%
Моноциттер 12%
Тромбоциттер 210х /л
Қан жұғындысында: аздаған лимфобластар, цитоплазмасы айқын токсикалық түйіршіктелген нитрофильдер, ретикулоциттер - 0,8%.
Шеткері қандағы өзгерістер қандай патологияға тән?
Анықталған қан құрамы өзгерістерінің шығу тегі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |