Есеп № 42
Науқас В., 34 жаста, дәрігер-психиатр. Артериялық қысымның жоғарлауына және басының ауырсынуына байланысты 7 күн бойы анальгин, аминазин және резерпиндердің 60 таблеткасын қабылдаған. Осыдан жағдайы күрт нашарлап – қызба, жалпы әлсіздік, жұтынған кезде ауырсыну байқалған. Қанын зерттеген кезде анықталғаны:
Эритроцит 3,9х 1мкл
Гемоглобин 130 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 0,9х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 0
Сегменттік ядролы 12%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфоциттер 73%
Моноциттер 15%
Тромбоциттер 210х 1мкл
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%.
Науқастың сары суын лейкоагглютининге тексерген кезде реакция теріс болған.
Бұл жағдайда қан түзілудің қандай өсіндісінің тежелуі байқалады?
Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?
Анықталған өзгерістердің даму механизімі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |