Есеп № 43
Науқас Г., 34 жаста, дәрігерге жалпы әілсіздікке, тез шаршағыштыққа, тершеңдікке, сол жақ қабырға астында ауырлық сезімінің болуына шағымда-нып келген.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,1х /л
Гемоглобин 88 г/л
Түсті көрсеткіш 0,85
Лейкоциттер 93х /л
Лейкоцитарлық формула
Миелобластар 1%
Промиелоциттер 6%
Миелоциттер 20%
Метамиелоциттер 20%
Таяқша ядролы 13%
Сегменттік ядролы 12%
Эозинофилдер 9%
Базофильдер 4%
Лимфоциттер 10%
Моноциттер 5%
Тромбоциттер 390х /л
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,4%.
Науқастың лейкоцитарлық формуласында қандай өзгерістер бар және олар лейкопоэздің қандай бұзылыстарын дәлелдейді?
Бұл жағдайдағы дамыған анемияның сипаты қандай?
Есеп № 44
Науқас Т., 54 жаста, дәрігерге сол жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданып келген. 3-4 ай бұрын тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік сезімдері дамыған, бірақ оған жұмыстан шаршағаннан кейін болған жағдай деп мән бермеген.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,5х /л
Гемоглобин 110 г/л
Түсті көрсеткіш 0,94
Лейкоциттер 23х /л
Лейкоцитарлық формула
Миелобластар 2%
Промиелоциттер 8%
Миелоциттер 16%
Метамиелоциттер 20%
Таяқша ядролы 16%
Сегменттік ядролы 12%
Эозинофилдер 6%
Базофильдер 4%
Лимфоциттер 12%
Моноциттер 4%
Тромбоциттер 160х /л
Қан жұғындысында: нормохромия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,4%.
Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?
Анықталған қан патологиясын сипаттаңыз:
а) қан түзу жүйесінің зақымдалуы бойынша;
б) зақымдалған өсінді жасушаларының пісіп-жетілу дәрежесі бойынша;
в) шеткері қандағы лейкоциттер мөлшері бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |