«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет98/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 33
Науқас Д., 56 жаста, ауруханаға миокард инфарктымен түскен.
Түскен кездегі жалпы қан анализі
Эритроцит 8,5х  1мкл
Гемоглобин 170 г/л
Түсті көрсеткіш 0,6
Лейкоциттер 23х  1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 3%
Таяқша ядролы 14%
Сегменттік ядролы 56%
Эозинофилдер 5%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 18%
Моноциттер 3%
Тромбоциттер 550х  1мкл
Қан жұғындысында: гипохромия, полихроматофилия, анизо- және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 2,1 %

  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Анықталған қан патологиясының табиғаты қандай?

  3. Бұл жағдайдағы коронарлық тамырлар тромбозының дамуына әкелген себеп қандай?

Есеп № 34
Науқас Р., 6 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге, ішінің тұйықталып ауырсынуына, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, сан аймағында қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданып келген.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 4,4х  1мкл
Гемоглобин 128 г/л
Түсті көрсеткіш 0,87
Лейкоциттер 13,6х  1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Жас жасушалар 0
Таяқша ядролы 4%
Сегменттік ядролы 47%
Эозинофилдер 18%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 23%
Моноциттер 8%
Тромбоциттер 210х  1мкл
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%

  1. Балада шеткері қанның құрамының қандай өзгерістері дамыған?

  2. Осындай қан өзгерістері қандай патологиялық жағдайға тән?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет