Есеп № 26
Б. деген нәресте өз уақытымен, 2950 г салмақпен, бірінші жүктілік жағдайында туылған. Туылғаннан кейін 16 сағат өткен кезде терісінің, шырышты қабаттарының аздап сарғаюы байқалған.
Қан анализі
Эритроцит 4,2х 1мкл
Гемоглобин 140 г/л
Түсті көрсеткіш 1,0
Лейкоциттер 16,2х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 2%
Таяқша ядролы 6%
Сегменттік ядролы 61%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 20%
Моноциттер 7%
Тромбоциттер 327х 1мкл
Қан жұғындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихроматофилия, ретикулоциттер - 17%. Ана қаны: Rh-; бала қаны: Rh+;
1. Бұл анализ көрсеткіштері қан жүйесінің қандай потологиясы дамығаның дәлелдейді?
2. Анықталған патологияның патогенезінде қандай фактор негізгі болып саналады?
Есеп № 27
Науқас Г., 19 жаста, студент. Ауруханаға жалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүрген кездегі ентігуге шағымданып түскен. Ешқандай дәрі-дәрмектер қабылдамаған. Нақтылап сұрастыру барысында, 1 ай бұрын, ауыл шаруашылық жұмыстарында жүргенде, таныстарының берген кеңесі бойынша, ішек инфекцияларының алдын алу үшін, ұзақ уақыт бойы левомицетин қабылдағаны анықталған.
Түскен кездегі қан анализі
Эритроцит 1,8х 1мкл
Гемоглобин 54 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 3,2х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Таяқша ядролы 0
Сегменттік ядролы 26%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфоциттер 63%
Моноциттер 11%
Тромбоциттер 94х 1мкл
Қан жұғындысында: айқын емес анизо- және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,2 %.
Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығаның дәлелдейді?
Анықталған қандағы өзгерістер левомицетинді қабылдауға байланысты болуы мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: |