Есеп № 22
15 жастағы гемолиздік анемиямен ауратын В. деген науқастың гемоглобинін тексеру кезінде А2 гемоглобині жалпы гемоглобин мөлшерінің 10%, ал гемоглобин Ғ фракциясы - 7% құрайтындығы белгілі болған.
Науқаста гемоглобин молекуласының қай тізбегінің синтезі төмендеген?
Есеп № 23
Жаңадан қосылған ерлі-зайыптыларда глобиннің α-тізбегінің синтезіне жауапты, мутанттық реттеуші геннің гомозиготалық тасымалдаушылық жағдайы анықталған.
Бұл ата-аналарда дені сау бала туылуы мүмкін бе?
Есеп № 24
Ерлі-зайыптыларда глобиннің β-тізбегінің синтезіне жауапты мутанттық реттеуші геннің гомозиготалық тасымалдаушылық жағдайы анықталған.
Бұл жағдайда олардың баласында гемоглобин А-ның түзілуі мүмкін бе?
Балада патологиялық гемоглобиннің қандай түрлері анықталуы мүмкін?
Есеп № 25
Миша С., 3,5 жаста. Үш ай бұрын бронхопневмониямен ауырған. Емха-нада емделген. Бірақ сол аурудан кейін әлсіздік, терісінің бозруы байқалған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,3х /л
Гемоглобин 99г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 8,2х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 3%
Сегменттік ядролы 43%
Эозинофилдер 4%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 44%
Моноциттер 6%
Тромбоциттер 290х /л
Жұғындыда: макроциттер, аздаған микроциттер, пішіні өзгерген эритроциттер, ретикулоциттер - 19 %
Балада шеткері қан құрамының қандай өзгерістері байқалған?
Бұл өзгерістер қан жүйесінің қандай патологиясына тән?
Достарыңызбен бөлісу: |