Байланысты: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Есеп № 3 Концентрацияланған коллоидтық ерітіндіні енгізген кездегі анурияның дамуы қанның онкотикалық қысымының күрт жоғарлауымен, соған байланысты нәтижелі фильтрациялық қысымның төмендеп, шумақтық фильтрацияның тежелуімен түсіндіріледі.
Есеп № 4 Гомологиялық белоктарды тамыр ішілік енгізген кездегі протеинурияның дамуы белоктардың фильтрациялануының жоғарлауына, соған байланысты түтікшелердің оларды реабсорбциялау қабілетінің жеткіліксіз болуына негізделген. Бұл кезде белоктардың белсенді реабсорбциясын қамтамасыз ететін ферменттік жүйлердің салыстырмалы жеткіліксіздіктері дамиды.
Ал белоктардың концентрациясы төмендеген кезде плазмадан түтікшелерге түсетін белоктардың мөлшері азаяды, осыған байланысты олар түгелдей реабсорбцияланады.
Есеп № 5 Гемоглобинді шығару шегінің төмендеуі белоктардың реабсорбциясын қамтамасыз ететін бірдей ферменттік жүйелердің бақталастық әсерімен түсіндіріледі. Плазмадағы альбуминдер концентрациясының жоғарлауы бүйректе сүзілетін альбуминдер мөлшерін артырады. Альбумин ультрафильтраттың қалыпты компоненті ретінде тезірек және жеңіл түрде реабсорбцияланады. Ал бұл жағдайда гемоглобиндердің реабсорбциясы төмендейді, осыған байланысты гемоглобиннің мөлшері плазмада да, ультрафильтратта да төмен болуына қарамастан гемоглобинурия дамиды.
Есеп № 6 Норадреналин мен адреналиннің үлкен дозалары қанды алып келетін бүйректік артериолдардың спазмын туындатады, осыдан нәтижелі фильтрациялық қысым төмендейді. Нәтижесінде шумақтық фильтрация төмендеп, диурез азаяды.
Адереналиннің аз дозасы әсерінен қанды алып кететін бүйректік артериолдардың спазмы туындайды, ол нәтижелі фильтрациялық қысымның жоғарлауына ықпал етіп, бүйрек шумақтарында фильтрация жоғарлап, диурез артады.