Есеп № 1 Нервтің шеткері кесіндісін тетаниялық тітіркендірген кезде дегенерация тезірек дамиды, өйткені бұл кезде қалыпты жағдайда нерв жасушалары денесінен аксондарға түсетін нейромедиаторлар мен трофикалық субстанциялардың шығындалуы артады.
Уоллеров дегенерациясы. Бұл кесілген нервтің дисталдық кесіндісінде дамиды.
Есеп № 2 Жоқ, туындатпайды, өйткені нерв тұтастығы және нервтік импульстардың өткізілуі бұзылған.
Есеп № 3 Тәжірибенің бұл әдісі бойынша сіреспе токсині орталық нерв жүйесіне шеткері нервтер арқылы эндоневралдық сұйықтық ағымымен түседі. Сонымен қатар токсиндердің жұлындық нейрондарға аксоплазманың ретроградтық ағымымен түсу жолын да жоққа шығаруға болмайды.