Есеп № 18
Науқаста нефротикалық синдром дамыған.
Протеинурия белоктардың шумақтық капиллярлар арқылы филь-трациялануының жоғарлауымен және олардың түтікшелік реабсорбция-лануының бұзылуымен түсіндіріледі. Белоктардың өте көп мөлшерде түтік-шелерге түсуі, түтікшелердің белоктық инфильтрациясына және олардың реабсорбциялануын бұзылуына әкеледі.
Есеп № 19
Протеинурия, лейкоцитурия, микрогематурия, зәрдің салыстымар-лы төмен тығыздығы, цилиндрурия.
Бүйректің фильтрациялау қабілетінің бұзылуын протеинурия, зәрде өзгерген эритроциттердің болуы дәлелдейді.
Бүйректің концентрациялау қабілетінің бұзылуын гипостенурия, полиурия дәлелдейді.
Бұл жағдайдағы бүйректің концентрациялау қабілетінің төмендеуі қызмет атқаратын нефрондардың, әсіресе олардың түтікшелік бөлімдерінің азаюына негізделген. Сондықтан, қалған түтікшелер бүйректің интерстиция-сында судың реабсорбциялануы үшін қажетті осмостық градиентті қамтама-сыз ете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |