ЭНДОКРИНДІК жүйе
Есеп № 1
Жоқ, дамымайды, өйткені қантты диабет ауруы ұйқы безінің инкрециялық – инсулинді қанға секрециялау қызметінің бұзылуы кезінде дамиды. Ұйқы безінің шығатын түтігін байлау бездің сыртқы секрециялық қызметінің бұзылуына және тек экзокриндік тіндердің атрофиясына әкеледі, ал инсулинді өндіретін Лангерганс аралшығы зақымданбайды, сондықтан да гормонның қанға түсуі жалғаса береді.
Есеп № 2
Шыңайы инсулин жеткіліксіздігі ұйқы безінің экстирпациясы және β-жасушаларды таңдап зақымдайтын аллоксанмен әсер ету кездерінде дамиды. Инсулиннің антагонистерімен, яғни соматотроптық гормондармен және глюкагонмен шақырылатын диабет үлгісіне – салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі тән.
Қантты диабеттің эксперименттік үлгілері басқа да контринсулин-дік гормондарды – глюкокортикоидтарды, тиреоидтық гормондарды, катехоламиндерді енгізу арқылы алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |