Байланысты: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Есеп № 5 Бақаның жүрегінде жүрек жеткіліксіздігінің үлгісін алу мақсатымен сульфгидрилдік топқа жататын бөгегіш – бромдық кадмийді перфузиялаған.
Бұл жағдайда жүрек жеткіліксіздігінің қандай түрі дамиды?
Бұл жағдайдағы жүрек жеткіліксіздігінің даму механизмі қандай?
Есеп № 6 Бір топ егеуқұйрықты оттегінің төменгі парциалдық қысымы қалыптас-қан камераға отырғызып, олардың еселеніп күшейетін жылдамдықта жүгіру-ге мәжбүр еткен. Тәжірибе өту барысында енгізілген тіркегіштер көмегімен жүректің жиырылу жиілігі мен күшін тіркеп отырған. Тәжірибе басталғаннан 30 минөт өткенде егеуқұйрықтарда үдемелі жүректік әлсіздік дамыған.
Бұл жағдайдағы егеуқұйрықтарда дамыған жүрек жеткіліксіздігінің негізгі себебі және даму механизмі қандай?