Байланысты: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Есеп № 8 Тәжірибелік егеуқұйрықтарға тиоурацилдің антитиреоидтық дәрілерін ұзақ енгізу қалқанша безі көлемінің өсуіне және оның органикалық емес йодты сіңіру қабілетінің жоғарлауына әкеледі.
Егер тиоурацилді гипофизэктомия жасалған егеуқұйрықтарға енгізсе осындай нәтиже байқалады ма? Неге, түсіндіріңіз.
Есеп № 9 Электрофизиологиялық зерттеулерде ұйқы артериясындағы осмостық ығысулар кезінде алдынғы гипоталамус аймағында биотоқтарды тіркеген. Хлорлы натрийді енгізгеннен кейін жауап ретінде гипоталамус нейрондарының биоэлектрлік белсенділігінің күшейгендігі тіркелген.
Хлорлы натрийдің қандай ертіндісі, гипертониялық немесе гипотониялық, артерияға енгізілген?