Есеп № 12
Иттің бүйрек үсті безінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан кейін бір тәулік өткенде итте патологиялық өзгерістер дамыған (солғындық, бұлшық еттік әлсіздік, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейінгі үшінші тәулікте жануардың өлімі дамыған.
Ит неге өлімге ұшырады? Бүйрек үсті безінің қыртыстық, әлде милық затының гормондарының жеткіліксіздігіне байланысты ма?
Есеп № 13
Аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз науқасты алып келген. Науқаста терең, шулы тыныс, терісі мен кілегей қабаттарының құрғауы байқалған. Тыныс шығарғанда ацетон иісі шығады. Қандағы қант – 25 ммоль/л, кетондық денелер – 0,57 ммоль/л.
Мұндай жағдай қалай деп аталады?
Осындай жағдайлар қандай гормонның жеткіліксіздігі кезінде дамиды?
Науқаста кетондық денелердің тым артық өндірілуінің механизмі және клиникалық көріністердің патогенезіндегі маңызы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |