667 жеткіліксіздігі байқалады.
Безде қанайналым бҧзылыстары жарақаттың әсерінен, қан
тамырларында тромбоз дамуынан т.б. байқалады. Содан безде
ишемия, некроз дамуы, қан қҧйылуы т.с.с жағдайлар оның
қҧрылымын ӛзгертіп, қызметтерінің бҧзылыстарына әкеледі.
Безде ӛспе ӛсуі. Эндокриндік бездерде ӛспе ӛсуі жиі
байқалады. Без ӛспелерін аденома деп атайды. Кейбір
ӛспелер ӛздері гормон ӛндірмейді, тек айналасындағы
қалыпты без тіндерін қысып, бездің семіп қалуына әкеледі.
Осыдан бездің қызметі тӛмендейді. Мәселен, гипофиздің
хромофобты аденомасы кезінде тропты гормондардың ӛндірілуі
азаюынан қалқаншабездін, бҥйрек ҥсті безі сыртқы қабатының
және жыныстық бездердің қызметтері тӛмендейді. Сонымен
қатар, бҧл ӛспе кӛру жҥйкесінің мидағы қиылысқан жерін
қысып, тас қараңғы соқырлыққа әкелуі мҥмкін.
Безде ӛспе ӛсуі жиі гормон ӛндірілуінің кӛбеюімен
қабаттасады
да,
оның
қызметін
кҥшейтеді.
Мәселен,
гипофиздің
эозинофилдік
аденомасы
ӛсу
гормонының
(соматотропиннің) қалыптыдан артық ӛндірілуіне әкеледі.
Осыдан ӛсіп келе жатқан жас адамдарда
алыптылық , ал, ӛсуі
тоқтаған ересек адамдарда —
акромегалия (грек. acros -
сыртқа шығып тҧрған мҥше, megalos - алып, ҥлкен) дамиды.
Соңғы
жағдайда
дене
мҥшелерінің
бӛлшектері
(қол
саусақтары, аяқ табаны, мҧрын, иек, қабақ) тым ҥлкейіп,
жуандайды. Сонымен қатар, ішкі ағзалар да ҥлкейеді (-
сурет).
- сурет. Акромегалиямен ауыратын адам (Guyton, Hall бойынша).
Гипофиздің базофилдік аденомасында кортикотропин артық
ӛндіріледі. Бҧл бҥйрек ҥсті бездерінің гормоны кортизолдың
ӛндірілуін кӛбейтеді де Иценко-Кушинг ауруын дамытады. Ал,
ӛспе бҥйрек ҥсті бездерінің ӛздерінде болса, онда Иценко-
Кушинг синдромы пайда болады.
Егер ӛспе бҥйрек ҥсті бездерінің торлы қабатында
болса, онда