19
заңды тҥрде пайда болатын организмдегі серпілістердің
тізбегі.
Мәселен, тез дамитын кейбір тіндердің қабынуы.
Бҧл кезде кейбір ағзалар мен тіндердің қҧрылымы мен
қызметінің
бҧзылыстары
жалпы
организімнің
ауруына
әкелмейді. Мысалы, теріскен, сыздауық, пульпит (тіс
ҧлпасының қабынуы), шиқан. Дерттік ҥрдістер кӛптеген
аурулардың даму негізінде жатады.
Дерттік жағдай — организм ҥшін кері биологиялық мәні
бар қалыптан тыс тҧрақты ауытқуы. Ол ӛте сылбыр дамитын
дерттік ҥрдіс немесе оның салдары
. Мысалы,
тері мен
шелмай ӛзектерінің қабынуы дерттік ҥрдіс болады. Осы
қабынудың нәтижесінде организмде кӛптеген жыл сақталатын
тыртық жиі дамиды. Тыртық тінінде басқа тіндердегідей зат
алмасуы ӛтеді. Тыртық сылбыр ӛтетін патологиялық ҥрдіс,
басқаша айтқанда дерттік жағдай және ол мида, жҥректе,
бауырда т. б. ішкі ағзаларда қалыптасуы мҥмкін. Сонымен,
алғашқы іріңді қабыну — дерттік ҥрдіс
ретінде біртіндеп
тыртыққа айналып бітуінен дерттік жагдайға ауысады.
Кейде кері бағытта ауысуы да мҥмкін. Мысалы, туа
біткен мең немесе қал (дерттік жағдай) механикалық
қоздырғыштардың, кҥн сәулелерінің әсерлерінен қатерлі
ӛспе - меланомаға, былайша айтқанда дерттік ҥрдіске
айналуы мҥмкін.
Дерттік ҥрдіс немесе дерттік жағдайдың болуы
әлі жалпы
организмнің ауруы болғаны емес. Қосымша факторлардың
әсерінен олар толық кӛлемді ауруға айналуы мҥмкін.
Мәселен, терідегі бір шаш қалтасының қабынуы (сыздауық,
шиқан)
дерттік
ҥрдіс
болады,
бірақ
тҧтас
адам
организмінің ауруы емес. Ал, осы қабынудың кӛптеп бірінің
артынан бірі шығуы «фурункулез» деп аталған қауіпті
ауруға әкеледі. Бҧл кезде дене қызуы кӛтеріледі, зат
алмасулары ӛзгереді, ас
қорыту
ағзаларының, жҥйке
жҥйесінің т. б. ішкі ағзалардың бҧзылыстары байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: