Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


зерттейтін ілім  геронтология



Pdf көрінісі
бет106/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

123
зерттейтін ілім 
геронтология
және жастары ҧлғайған 
адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім 
гериатрия
қазір қатты дамып келе жатыр. 
ҚАРТАЮ КЕЗІНДЕгі организмнің ӚЗГЕРІСТЕРІ.
Тҧтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып, 
тҥсе бастайды, кӛздің кӛруі, қҧлақтың естуі нашарлайды, 
тіс тҥседі. Тері жҧқарып, қҧрғайды. Сол себептен ол 
қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге 
адамның қол жҧмысын атқаруға қабілеті тӛмендейді. Бҧл 
кезде адамның қоршаған орта жағдайларына бейімделу 
мҥмкіншілігі азаяды. Сондықтан бір себептен болмаса, 
екінші бір себептен кәрі адамнық кӛз жҧмуы (қайтыс болуы) 
даусыз. Ӛйткені олардың ішкі ортасының тҧрақтылығын 
(гомеостазын) қадағалау мҥмкіншіліктері бҧэылады. 
ҚАРТАЮ КЕЗіндегі ЖҤЙЕЛЕРДе ӚЗГЕРІСТЕРІ.
Қартаю 
кезінде 
мидың 
сыртқы 
қыртысының 
кейбір 
қабаттарында жҥйке жасушалары азайып, глия жасушалары 
кӛбейеді. Бҧл кезде мидың басқа аумақтарында елеулі 
ӛзгерістер болмайды. Нейрондардың денесінде липофусцин 
жиналады. Осыдан келіп олардың функциялық қасиеті 
ӛзгереді, 
серпіндердің 
жҥйкелер 
арқылы 
ӛткізілу 
жылдамдығы баяулайды, туйіспелерде (синапстарда) жҥйкелік 
медиаторлардың тҥзілуі және рефлекстер әлсірейді. Сонымен 
бірге қартаю кезінде жадыда сақтау қабілеті бҧзылады, 
оқуға қҧштарлық азаяды.
 
Бірақ бҧрынғы қалыптасқан әдет, 
сӛз қоры, алынған білім жастың ҧлғаюына қарай кӛп 
ӛзгермейді. Бҧл кезде мидың біршама қҧрылымдары әртҥрлі 
ӛзгерістерге 
ҧшырайды. 
Соның 
ішінде 
гипоталамустың 
ӛзгерістері дербес (вегетативтік) жҥйке жҥйесі мен 
эндокриндік 
жҥйенің 
ӛзгерістеріне 
әкеліп, 
адамның 
қартаюына бірталай ықпал етеді. 
Қартаю кезінде эндокриндік жҥйенің қызметі бірсыпыра 
ӛзгереді. Бҧл 
кезде 
кейбір гормондардың ӛндірілуі 
ӛзгеруімен қатар, олардың реттеуші әсерлерін қабылдайтын 
нысана - тіндер мен жасушалардың сезімталдығы ӛзгереді. 
Эндокриндік жҥйенің кері байланыс бойынша ӛзін-ӛзі реттеу 
жолдары бҧзылады. Қарт адамдарда жыныс бездерінің қызметі 
әлсірейді. Осыдан жыныстық гормондардың қандағы деңгейі 
тӛмендеуінен гипоталамуста гонадолиберин мен гипофизда 
гонадотропиннің ӛндірілуі артады. Бірақ бҧл гормондарга 
жыныстық бездердің сезімталдыгы тӛмендеген. Сондықтан 
олар қанда гонадотропиннің кӛбеюіне қажетті гормон 
ӛндірумен жауап қайтармайды. 
Қарт адамдарда гипофиз бен бҥйрек ҥсті бездерінің 
ӛзара қатынасы бҧзылады. Гипофиздің тропиндеріне бҥйрек 


124
ҥсті бездері және кортикостероидтардың қандағы деңгейіне 
гипофиз, кері байланыс бойынша, әлсіз жауап қайтарады. 
Шеткері ағзалар мен тіндердің жасушаларында (лимфоциттер 
мен 
гепатоциттерде) 
кортикостероидтарды 
қабылдайтын 
рецепторлар 
азаяды. 
Осыдан 
әртҥрлі 
қоздырғыштарға 
қарттардың 
тӛзімділігі 
тӛмендейді. 
Қартаю 
кезінде 
гипофизде тиреотропин тҥзілуі азаюдан қалқанша бездің 
қызметі тӛмендейді, зат алмасу ҥрдістерінің реттелуі 
бҧзылады. Бҧл кезде ҥйқы безінің қызметі әлсіреуінен 
инсулин аз ӛндіріледі және ӛндірілген инсулиннің ӛзі 
қанда 
тез 
әсерсізденеді. 
Сонымен 
бірге 
тіндердің 
инсулинге сезімталдығы тӛмендейді. Осылардың нәтижесінде 
қарт адамдардың организмінде инсулиннің жеткіліксіздігі, 
қантты диабеттің, инсулинге тӛуелсіз, 2-тҥрі жиі дамиды. 
Адамның жасына қарай ерте, кері дамитын бездерге 
айырша без (тимус) жатады. Ол балалардын жыныстық 
жетілуінен бастап ҧдайы кішірейе береді және оның 
атқаратын қызметі де кемиді. Бҧл ӛзгерістер иммундық 
жҥйеге белгілі мӛлшерде ықпал етеді. 
Қартаю кезінде иммундық жҥйенің ӛзгерістері екі 
бағытта байқалады: 
● бӛтен антигендерге организмнің жауап қайтару 
қабілетінің тӛмендеуімен (имунитеттің тапшылығымен); 
● организмнің ӛзінің меншік тіндерінің антигендеріне 
қарсы иммундық серпілістер (аутоиммунитет) дамуымен 
байқалады. 
Бҧл ӛзгерістер лимфоциттердің, плазмалық жасушалардың 
қалыпты 
мӛлшерінде 
және 
қанда 
иммуноглобулиндердің 
әдеттегіден артық болуымен қабаттасады. Сондықтан қартаю 
кезіндегі иммунитеттің ӛзгерістері иммундық жҥйенің 
реттелулерінің бҧзылыстарынан болады. Жасы ҧлғайған 
адамдардың қанында аутоантиденелердің мӛлшері артады. 
Осыдан организм тіндері ӛзгерістерге ҧшырап, оларға қарсы 
аутоиммундық шабуыл жасалынады. Тәжірибелік иттерге алдын 
ала аз мӛлшерде жҥрекке қарсы цитотоксиндік қан сарысуын 
енгізіп, артынан адреналин енгізгенде, оның мардымсыз 
ӛлшемінен кардиогендік сілейме дамитыны белгілі болды (Ә. 
Нҧрмҧхамбетҧлы). Қарт адамдарда жиі кездесетін: жҥқпалар, 
ӛспе 
ӛсуіне 
бейімділік, 
қарттық 
амилоидоз, 
қан 
тамырларының атеросклерозы немесе басқа аурулары, кейбір 
ми 
бҥліністері, 
ҧйқы 
безі 
мен 
қалқанша 
бездің 
бҧзылыстары, т. б. аурулардың даму негізінде осы иммундық 
жҥйенің жасқа байланысты ӛзгерістері жатады. Сонымен 
бірге, 
қарттарда 
созылмалы 
вирустық 
жҧқпалардың 
белсенділігі артып кетеді. Вирустардың геномы организмнің 


125
тежеуші ықпалдарынан шығып кетеді де, ӛзбеттерінше ӛсіп-
ӛне 
береді. 
Осыдан 
бір 
жағынан 
қарт 
адамдарда 
аутоиммундық бҥліністер, мидың ӛзгерістері т.с.с. дамыса, 
екінші жағынан қалыпты жасушалардың ӛспе жасушаларына 
айналу мҥмкіншіліктері артады. Қартаю кезінде организмнің 
улы химиялық заттардан қорғану қабілетінің әлсіреуі 
бауырдың микросомалық тотығу жҥйесінде уытсыздандыру 
мҥмкіншілігінің азаюынан болады. Осыдан қарт адамдар улы 
химиялық заттарға ғана емес, кейбір дәрі-дәрмектерге де 
ӛте сезімтал болып келеді. 
Қартаюдың бір кӛрінісі ретінде организмде дәнекер 
тіндердің артық ӛсіп-ӛнуін айтуға болады. Осыдан ӛкпеде, 
бауырда, жҥректе, бҥйректе т. б. ішкі ағзаларда дәнекер 
тіндер артық ӛсіп, коллаген тіндері кӛбейеді, керісінше 
оларда серпімді талшықтар азаяды. Коллагеннің артық ӛсіп 
кетуінен дәнекер тіңдерінің созылғыштық қасиеті нашарлап, 
ағзалардың 
беріштенуі 
дамиды. 
Дәнекер 
тіндерінің 
бҥліністерімен қарттардың қан тамырларының, буындарының 
ӛзгерістері тікелей байланысты. Осыдан оларда тізенің, 
белдің ауыру сезімдері пайда болады. Қарт адамдардың 
сҥйектерінде, 
буындарында 
және 
омыртқа 
аралық 
шеміршектерінде бҥліністер пайда болуынан қаңқаның жалпы 
ӛзгерістері, 
кеуденің 
бҥкірлігі 
байқалады. 
Дәнекер 
тіндерінің ӛзгерістерінен қарттарда жара мен сҥйек 
сынықтарының бітуі жастарға қарағанда кӛп кешеуілдейді. 
Қартаю 
кезінде 
қанайналым 
жҥйесінде 
бірсыпыра 
ӛзгерістер дамиды. Бҧл кезде жҥректің жиырылу кҥші, 
қанның минуттық кӛлемі азаяды, шеткері қан тамырларының 
тарылуынан айналымдағы қанға олардың жалпы кедергілік 
қасиеті кӛтеріледі. Тіндерде қан қылтамырларының саны 
азаяды, олардың қабырғаларындағы тіректік мембрананың 
қалыңдап кетуінен қаннан тіндерге және, керісінше, 
тіндерден қанға газдардың диффузиясы бҧзылады. Бҧл 
бҧзылыс, әсіресе ӛкпеде болатын болғандықтан, сыртқы 
тыныстың жеткіліксіздігіне, тыныстық гипоксия дамуына 
әкеледі. Қарттарда артериалық қан қысымы кӛтеріледі. Қан 
тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеро- және 
артериосклероздар 
дамиды. 
Адамның 
жасы 
ҧлғаюына 
байланысты жҥрек пен қан тамырларының жҥйкелік-сҧйықтық 
реттелулері 
ӛзгереді. 
Осыдан 
қарттарда 
артериалық 
гипертензия, жҥрек аритмиялары жиі кездеседі. 
Сонымен 
қатар 
қарттардың 
басқа 
жҥйелерінде 
де 
ӛзгерістер пайда болады; сҥйек кемігінде қан ӛндірілу 
азаяды, бҥйректің қызметі әлсірейді, ішек-қарынның сӛл 
шығару қабілеті тӛмендейді, бҧлшықеттердің кҥші және 


126
талдағыштардың (анализаторлардың) функциялары әлсірейді. 
Дегенмен қартаюды организмнің барлық функцияларының кері 
дамуы, әлсіреуі деп қарауға болмайды. Бҧл кезде, сонымен 
бірге қоршаған ортаның жаңа жағдайларына белгілі мӛлшерде 
организмнің бейімделуі 
болады. Ол адамның ӛмірлік 
тәжірибесіне байланысты жаңа сапалы жоғары деңгейде болуы 
мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет