Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ҚАРТАЮ КЕЗіндегі ЖАСУШАЛАРДАҒЫ ӚЗГЕРІСТЕР



Pdf көрінісі
бет107/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

ҚАРТАЮ КЕЗіндегі ЖАСУШАЛАРДАҒЫ ӚЗГЕРІСТЕР.
Жасушалар ӛсіп-ӛніп, кӛбеюі, тіршілігін жоғалтқан 
жасушалардың 
орнын 
толтыруы 
ҥшін 
олардың 
тектік 
қҧралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ, нәруыздар 
тҥзіліп тҧруы қажет. Ал, қартайған организмдерде олардың 
тҥзілуі, жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін 
жасушалардың қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының 
асқын тотығуға ілігіп кетуімен тҥсіндіруге болады. Қартаю 
кезінде байқалатын созылмалы гипоксиянын, ойсоққылық 
жағдайлардың 
т. б. нәтижелерінде, ферменттік және 
ферменттік емес антиоксиданттық жҥйелердің тапшылығы 
дамып, ішкі ағзалар мен тіндердің жасушалары мен олардың 
ішіндегі қҧрылымдардын мембраналарында майлардың асқын 
тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар, 
гидроасқын тотықтар жиналып қалады. Бҧлардың әсерлерінен 
жасушалардың ядроларында ДНҚ молекуласының ӛзгерістері 
пайда болады, РНҚ, нәруыздардың тҥзілуі бҧзылады. Бҧл ӛз 
алдына жасушалардың ӛсіп-ӛнуіне бӛгет жасайды. Сондықтан 
қартайған организмдерде: 
● ферменттердің, нәруыздық, пептидтік гормондардың, 
қан жасушаларының аз ӛндірілуі; 
● микробтарға қарсы антиденелердің аз тҥзілуі; 
● мида жаңа шартты байланыстардың бекімеуі т. с. с. 
кӛптеген 
қҧбылыстар 
байқалады. 
Шын 
мәнінде 
сҥйек 
кемігінің бағаналы жасушалары мен ішек ҥңгіршіктерінің 
жасушалары жас ҥлғаюына қарай азаятыны белгілі. 
Тағы бір назар аударатын жай — ол жасушалардың екіге 
бӛлініп ӛсіп-ӛнуі екі қарама қарсы реттеуші ықпалдардың 
қатысумен болады. Олардың біріншісі жасушалардың бӛлініп 
кӛбеюін арттыратын цитокиндер (әртҥрлі ӛсу факторлары), 
екіншісі оны тежейтін — цитокиндер. Қартаю кезінде 
бҧлардың екеуінің де ӛндірілуі азаяды. Сонымен
бірге 
бӛлінетін 
жасушалардың 
бҧл 
цитокиндерге 
сезімталдығы тӛмендейді. Осыдан жасушалардың ӛсіп-ӛнуі 
азаюымен қатар, кейде олардың ырықсыз артық ӛсіп-ӛніп 
кетуі де мҥмкін. Қарттарда ӛспелердің жиі дамуында осы 
келтірілген қҧбылыс маңызды болуы ықтимал. 
Жалпы 
қарттардын 
барлық 
жасушаларында 
кӛптеген 


127
қҧрылымдық 
және 
функциялық 
ӛзгерістер 
байқалады. 
Жасушалардың дәндерінің (ядросының) қҧрылымы ӛзгереді, 
митохондрийларының кӛлемі ҥлкейіп, қҧрылымы бҧзылады, 
нәруыз 
тҥзетін 
рибосомалары 
азаяды, 
лизосомалары 
кӛбейеді, плазмолеммалары қалыңдайды. Бҧндай жасушаларда 
жиі қуыстар пайда болады, энергия тҥзілуі бҧзылады, 
жасуша 
ішіндегі 
калийдің 
мӛлшері 
азаяды. 
Осыдан 
мембраналық потенциал азайып, жасушалардың қозымдылығы 
мен 
ӛткізгіштігі 
бҧзылады. 
Жасуша 
сыртындағы 
мембраналарында рецепторлардың қызметі бҧзылудан олардың 
сезімталдығы кӛтеріледі немесе тӛмендейді және жҥйкелік-
сҧйықтық 
реттелулері 
бҧзылады. 
Жасушалардың 
ӛзара 
қатынасы 
мен 
байланыстары 
ӛзгереді. 
Тіндердегі 
рецепторлардың сезімталдығы кӛтерілуінен кейде тіпті 
әлсіз, қалыпты жағдайларда әсер етпейтін қоздырғыштардың 
әсерлерінен қарттық дерттердің туындауы байқалады. 
Мәселен, терінің суық температураны қабылдайтын қабыл-
дағыштарының (рецепторларының) сезімталдығы кӛтерілуінен 
жасы ҧлғайған адамдар ӛте тоңғыш болады, оларда бір 
жерлерінен жел ҥрлеп тҧрған сияқты сезім қалыптасады. 
Қартаю организмнің барлық функцияларының кемуіне 
әкеледі. 
Осыдан 
қоршаған 
ортаның 
ӛзгеріп 
тҧратын 
ықпалдарына организмнің бейімделу қабілеті шектеледі. 
Қарт адамдар жиі аурушаң болады. Ӛйткені организмнің 
жҥйелері мен
 
ішкі ағзаларында, жасушаларында адамның 
жасына бай-ланысты пайда болған ӛзгерістер кӛптеген 
дерттердің дамуына қолайлы ықпал етеді. Сондықтан 
қарттардың жиі аурушаң болу себебін қартаюдың ішкі 
заңдылықтарынан іздеген жӛн.
Қарт адамдарда жастарға қарағанда дерттер ерекше 
ӛтеді. 
Оларда 
организмнін 
бейімделу-икемделу 
мҥмкіншіліктері 
тӛмен 
болғандықтан 
гипертрофия, 
гиперплазия және регенерация ҥрдістері әлсіз тҥрде 
дамиды. Қарттарда гормондар мен медиаторлардың ӛндірілуі 
және арнайы рецепторларымен олардың қабылдануы бҧзылудан 
қызба, қабыну, әлсіз тҥрде ӛтеді, организмнің сыртқы 
орта ықпалдарына бейімделу мҥм-кіншіліктері шектеледі. 
Сол себептен кӛптеген дерттер кездерінде бҥліну ҥрдістері 
қорғаныстық ҥрдістерден басым болады.
Қарт адамдарда жҥрек-қан тамырларының аурулары, 
қатерлі ӛспелер, жҧқпалар, ми мен ішкі ағзалардың 
бҥліністік дерттері, қантты диабет т.с.с. аурулар жиі 
кездеседі. 
Кейбір адамдар тым ерте, басқалары кеш қартаяды. Кейде 
жас адамдарда кәрілікке тән белгілер тым ерте пайда болуы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет