134
қоршаған ортаның ықпалдарына бейімделудің кҥрделі тҥріне
жатады және ол мида жаңа шартты байланыстардың пайда
болуымен
сипатталады..
Адаптацияның
жедел
дамитын
сатысынан тҧрақты ҧзақ дамитын сатысына ауысуы ҥшін
тіндерде нуклеин қышқылдары мен нәруыздар тҥзілуінің
артуы қажет.
Ол мына жолмен дамиды: жаттығулардың
нәтижесінде адаптацияга жауапты басым жҥйе тіндері
жасушаларының атқаратын қызметі кӛтерілуінен олардың
ядроларындағы гендік қҧралдардың белсенділігі артады.
Осыдан бҧл жасушаларда ДНК
молекуласының екіге ажырауы,
РНК молекуласына тектік ақпараттың кӛшірілуі, рибосомалар
мен полисомаларда нәруыздар тҥзілуі кӛбейеді. Осыдан:
● қызмет атқаратын жасушалардың кӛлемі ҧлғаяды,
олардың қызмет атқаруға деген қабілеті арта тҥседі;
● мида РНК мен нәруыздар тҥзілуінің артуы жаңа шартты
байланыстардың бекуіне, жаңадан қабылданған қасиеттердің
тҧрақты
дағдыға
айналуына
әкеледі
және
кейбір
нейрондардың гипертрофиясы дамуын туындатады;
● ГАМҚ, серотонин, эндорфиндер мен энкефалиндер және
нервтік медиаторлар ӛндірілуіне қажетті ферменттердің
тҥзілуі артады;
●
бҥйрек
ҥсті
бездерінің
милық
және
сыртқы
қабаттарының гипертрофиясы
мен гиперплазиясы дамуына
әкеледі, оларда катехоламиндер мен кортикостероидтық
гормондардың ӛндірілуіне қажетті ферменттердің тҥзілуін
арттырады;
●
сҥйек
кемігінде
гиперплазия
дамиды,
онда
эритроциттердің,
гемоглобиннің,
микро-
және
макрофагтардың ӛндірілуі кҥшейеді
●
иммундық
жҥйе
деңгейінде
антиденелер
мен
лимфоциттердің ӛндірілуі артады.
● бауырда қан нәруыздарының және микросомалық тотығу
ферменттерінің тҥзілуі кҥшейеді, бауырдың уытсыздандыру
қабілеті кӛтеріледі;
● шеткері ағзалар мен тіндерде нәруыздар тҥзілуінің
артуы тотығу-тотықсыздану ферменттері тҥзілуіне, кесек
молекулалы фосфорлық қосындылардың ӛндірілуіне және
қҧрылымдық нәруыздардың тҥзілуіне әкеледі. Мәселен,
физикалық жҥктемелердің нәтижесінде нәруыздар тҥзілуі
артуынан бҧлшықеттердің гипертрофиясы дамиды,
оларда
митохондрийлар кӛбейеді. Бҧл кезде қан айналым және тыныс
алу жҥйелерінің қуаты артып, оттегін пайдалану мен АТФ
тҥзілуі кӛбейеді. Осылардан бҧлшықеттерде аэробтық тотығу
артып, олардың қызмет атқару қарқыны мен ҧзақтығы
ҧлғаяды. Сонымен бірге жҥрек етінің шамалы гипертрофиясы
135
дамиды, миозиннің АТФ-азалық белсенділігі кӛтеріледі,
коронарлық қан тамырларының сыйымдылығы кӛбейеді, жҥйелік
қан айналым жақсарады.
Сонымен, стресс дамуына әкелетін жағымсыз ықпалдар
ҧдайы ӛзгеріп тҧратын қоршаған
ортаның жағдайларына
организмнің бейімделу мҥмкіншіліктерін арттырады. Бҧл
кезде организмнің тӛзімділігі әсер етуші ықпалға ғана
емес, кӛптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды.
Былайша айтқанда бір жағымсыз ықпалдан кейін екінші
қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді. Мәселен,
тәжірибелік
жануарлардың
терісіне
формалин
енгізсе
(стрессор) қатты қабыну дамиды. Ал, формалин енгізер
алдында аз ғана мӛлшерде қан алса (екінші стрессор), онда
формалин
жібергеннен
кейінгі
қабынудың
қарқыны
тӛмендейді.
Сондай-ақ
жануарлардың
кӛктамырына
протеолиздік
фермент
(трипсин)
жібергенде
(бірінші
стрессор) миокард некрозы пайда болады. Ал, фермент
жіберер алдында жануарлардың бҧлшық
еттерін электр
ағымымен жарақаттаса (екінші стрессор), онда фермент
жібергеннен кейінгі миокард некрозының мӛлшері азаяды.
Осыған байланысты инемен емдеу, қан алу, терінің кейбір
нҥктелерлерін кҥйдіріп емдеу т. с. с. медицинаның
бейдәстҥрлі емдеу тәсілдері кӛрсетілген
заңдылықтармен
тҥсіндіріледі
Организмнің
физикалық
жҥктемелерге
жаттығуы
нәтижесінде, бҧлшық еттердің кҥш-қуаты артуымен қатар,
жҥрек етін бҥліндіретін, артериалық қан қысымын кӛтеретін
т. б. ықпалдарга оның тӛзімділігі артады. Ф. 3.
Меерсонның дәлелдеуі бойынша: организмнің қайталанған,
жеңіл ауыртпалық жағдайларға жаттығуы нәтижесінде стресті
шектейтін
жҥйенің
қуаты
артуынан,
оның
ишемияга,
радиацияга, улы химиялық заттарға тӛзімділігі кӛтеріледі.
Суық
суға
шынығулардың
нәтижесінде
организмде,
термореттеу жолдарының қуаты кӛтерілуімен қатар, әртҥрлі
жҧқпаларға организмнің тӛзімділігі артады. Сондықтан суық
тиюден дамитын дерттер (баспа, жоғары тыныс жолдарының
аурулары, пневмония т. с. с.) алдын-ала ескертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: