Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет214/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

пирогендік заттар
маңызды 
орын алады. Олар 
экзогендік 
және 
эндогендік
(лейкоциттік) 
болып 
екіге 
бӛлінеді. 
Экзогендік 
пирогендер 
деп 
микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда 
болатын заттарды айтады.
Әртҥрлі бактериялардың мембраналарын арнайы химиялық 
ӛңдеу жолдарымен біршама пирогендер (пирогенал, пиромен, 
пироксаль т. б.) таза кҥйінде алынды. Бҧл заттар химиялық 
қҧрамы бойынша нәруыздардан ажыратылған
липополиқанттар
болады. Бҧлардың тым мардымсыз мӛлшерінен (0,0001 мг/кг) 
адамдар 
мен 
жануарларда 
қызба 
дамиды. 
Экзогендік 
пирогендер организмде дене қызуын эндогендік пирогендердің 
ӛндірілуін кҥшейту арқылы кӛтереді. 
Экзогендік 
пирогендер 
қанның 
тҥйіршікті 
лейкоциттерімен, 
моноциттерімен 
және 
тіндердің 
макрофагтарымен 
әрекеттесіп, 
олардың 
белсенділігін 
арттырады, жартылай фагоциттелінеді. Содан бҧл жасушаларда 
эндогендік пирогендік заттардың тҥзілуі болады. Олар 
негізінен нейтрофильдер мен моноциттер және тіндік 
макрофагтарда ӛндіріледі. 
Лимфоциттер ӛз беттерінше пироген ӛндірмейді. Бірақ 
олар, экзогендік пирогеннің антигендік әсеріне жауап 
қайтара отырып, макрофагтардың эндогендік пироген ӛндіруін 
сергітетін цитокиндер бӛліп шығарады. 
Эндогендік 
пирогендік 
заттарға 
интерлейкин-1, 
ӛспелерді жоятын фактор, аз мӛлшерде интерлейкин-6, 
интерферондар, катиондық нәруыздар т. б. жатады. 
Интерлейкин-1 дене қызуын кӛтеруден басқа кӛптеген 
биологиялық әсер етеді. Ол организмнің иммундық жауабына 
қатысады, 
қанда 
лейкоциттердің 
санын 
кӛбейтеді, 
бҧлшықеттерді сырқыратады, адамның ҧйқысын келтіріп, 
тәбетін азайтады т. т. 
Эндогендік пирогеннің ӛндірілуіне энергия анаэробты 
гликолиздік жолмен тҥзіледі. Олар кыздыруға шыдамсыз 
болады және жануардың тҥріне қарамай дене қызымын 
кӛтереді. Жануарларға бҧл пирогенді бірнеше қайталап 
енгізгенде 
ӛзінің 
белсенділігін 
жоғалтпайды. 
Ал, 
экзогендік пирогендердің белсенділігі қайталап енгізгенде 
азая береді және олар эндогендік пирогендердің ӛндірілуін 
кҥшейту арқылы әсер етеді. Сонымен, жҧқпалы аурулар 
кездеріндегі 
ет 
ысуы 
экзогендік 
және 
эндогендік 
пирогендердін ӛзара әсерлерімен қамтамасыз етіледі. 
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен 


246
бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық 
жҥйесінің 
маңызы 
ҥлкен. 
Кейбір 
аурулар 
кездерінде 
температураның кӛтерілмеуі, ал кейде тым қатты кӛтерілуі 
мҥмкін. Мәселен, қарттарда және қатты жҥдеген адамдарда 
бӛліктік (крупозды) пневмония дене қызымы кӛтерілмей-ақ 
ауыр тҥрде ӛтеді. Бҧндай жағдай: 
● организмнің жалпы тӛзімділігі тӛмендеуімен; 
● энергая тҥзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен; 
● зат алмасу қарқынының аздығымен; 
● эндогендік пирогендердің тҥзілуі бҧзылуымен 

байланысты болады. Қызба дамуында пирогендерден басқа 
заттардың 
да, 
әсіресе 
гормондардың, 
маңызы 
ҥлкен. 
Тиреотоксикоз кезінде жҧқпалы аурулар тым қатты ет 
ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек 
дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет