352
Аллергиялық серпілістердің жасушалардың
қатысуымен дамитын IV-ші тҥрі немесе баяу дамитын
жоғары сезімталдық (БДЖС).
БДЖС-ты алғаш 1890 жылы Р. Кох ашты. Ол туберкулезбен
ауыратын адамның тері астына туберкулин енгізгенде 24-48
сағаттан кейін сол жерде қызару, домбығу пайда болатынын
кӛрсетті.
Демек,
туберкулездің
микобактерияларымен
организмнің
тҥйісуі
нәтижесінде
оның
сезімталдығы
жоғарылайды,
сенсибилизация
дамиды.
Осыған
Пирке
реакциясын қою негізделген.
БДЖС тек XX ғасырдың 40 -50 жылдары зерттеушілердің
назарын аударды. Ӛйткені ағзалардың басқа организмге
ауыстырылып отырғызылуына байланысты тін ҥйлесімсіздігін
зерттеу кездеріеде трансплантациялық иммунитет деген
тҥсінік қалыптасты. Бӛтен қондырымды тойтарудың негізгі
жолы жасушалардың қатысуымен болатыны белгілі болды.
Иммундық серпілістер сатысы.
Аллерген болып нәруыздар
мен гликопротеиндер және тін нәруыздарымен байланыса
алатын химиялық заттар есептеледі. Бҧл серпілістер
молекулалық массасы кішкене және антиденелер ӛндірілуін
сергітетін
қабілеті
(иммуногендік
қасиеті)
аз
нәруыздарға дамиды. Содан оларға:
●
микробтардың
(туберкулездің
микобактериялары,
қызылшаның, шешектің, сарыптың, мерездің, кӛкжӛтелдің,
туляремияның
т.б.
қоздырғыштары),
майда
саңырауқҧлақтардың нәруыздары;
●
вирустардың нәруыздары;
●
химиялық заттар (динитрохлорбензол, никель тотығы,
бояулар, дәрі-дәрмектер, ӛсімдік улары т.с.с.);
Достарыңызбен бөлісу: