Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Әйгіленімдік гипертензиялар



Pdf көрінісі
бет445/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

534
Әйгіленімдік гипертензиялар
Белгілі бір аурулардың нәтижесінде, олардың әйгіленімі 
ретінде, 
дамыған 
артериалық 
қысымның 
кӛтерілуін 
әйгіленімдік гипертензиялар дейді. Олар бҥйрек аурулары, 
эндокриндік аурулар кездерінде жиірек кездеседі.
Бҥйректік 
артериялық 
гипертензиялар. 
Бҥйректік 
артериялық гипертензиялар: 
● ренопривтік немесе бҥйрек ҧлпалық (3-5% ); 
● реноваскулалық
 
немесе бҥйрек-қан тамырлық (1-4%) - 
деп екіге ажыратылады. 
Ренопривтік артериялық гипертензия 
бҥйректің ҧлпасында 
қҧрылымдық ӛзгерістер болудан дамиды. Грольман (1949 ж.) 
деген ғалым тәжірибелік иттердің екі бҥйрегін бірдей сылып 
тастап, жасанды бҥйрек аспабына қосу арқылы олардың 
тіршілігін сақтап тҧрғанда ауыр артериялық гипертензия 
дамитынын байқады. Артынан ӛткізілген зерттеулер бойынша: 
бҥйрек артериялық қан тамырларын жиырылтатын зат (ренин) 
қана емес, оларды босаңсытатын да заттар ӛндіретіні 
дәлелденді. Осылай бҥйрек организмде артериялық қан 
қысымын қалыпты деңгейде ҧстап тҧруға қатысады. Қан 
тамырларын босаңсытатын заттарға бҥйректің милық қабатында 
ӛндірілетін бейтарап майлар, А, Е тҥрлес простагландиндер, 
фосфолипидтік рениннің тежегіштері т. б. жатады. 
Простагландиндер мол қаңықпаған май қышқылдарының 
ӛнімі. Олар бҥйректің милық қабатындағы дәнекер тіндерінің 
жҧлдыз 
тәріздес 
жасушаларында 
ӛндіріледі. 
Простагландиндердің ӛндірілуі қандағы ангиотензин-II-нің 
деңгейімен қадағаланады. Қанда ангиотензин-II кӛбейгенде, 
соған 
жауап 
ретінде 
бҥйректің 
милық 
қабатында 
простагландиндердің ӛндірілуі артады. Осыдан ангиотензин-
II-нің әсерінен жиырылған артериолалар простагландиндердің 
ықпалымен босаңсып, артериялық қан қысымы қалпына келеді. 
Простагландиң Е сау жануарларда да қан қысымын 
тӛмендетеді, ал простагландин А сау жануарларда оны 
тӛмендетпейді, 
бірақ 
бҥйректік 
гипертензия 
дамуынан 
сақтандырады. Простагландиндер шеткері майда артерияларды 
кеңітеді, натрий иондарының несеппен сыртқа шығарылуын 
кҥшейтеді. 
Осыған байланыстыренопривтік гипертензия:

 
бҥйректе 
қан 
тамырларын 
босаңсытатын 
заттар 
ӛндірілмеуінен; 
● несеп шығарылуы бҧзылғандықтан айналымдағы қан 
кӛлемінің артып кетуінен - дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет