69
бҧзылудан болады - деген жорамал бар;
● темекі шегу ӛкпеде обыр ӛспесі дамуына қауіп-қатер
тӛндіреді.
Ӛйткені
темекі
тҥтінінде
болатын
3,4-
бенз(а)пирен, хром, кадмий ӛспе туындататын заттарға
жатады;
● темекі тҥтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс,
дәм сезімдерін азайтады, сілекей бӛлінуін кӛбейтеді,
қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында
ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның
қатты қабаты бҥліністеріне әкеледі;
● темекі тартатын адамдардың арасында асқазан мен
ҧлтабардың ойық жарасы, ішектердің талаурап қабынуы жиі
кездеседі;
● жҥктілік кезінде темекі шегуден тҥсік тастау,
мерзімінен
бҧрын
босану,
жҥктіліктің
асқынулары
байқалады. Туған балаларда ӛспе ӛсу мҥмкіншіліктері
жиілейді
(трансплаценталық
канцерогенезді
қараңыз).
Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы
және жыныстық қҧштарлықтың тӛмендеуі болады;
● темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса
да,
доғару
синдромының
белгілері
байқалады.
Олар
нашақорлар
мен
уытқорлардағыдай
ауыр
рухани
және
физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы тҥрде
никотинге рухани тәуелділік айқын білінеді. Доғару
синдромы соңғы тартылған сигареттен кейін 90-120 минӛт
ӛткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең ҥлкен
дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бҧл кезде
адамның қатты темекі тарқысы келеді, кӛңіл-кҥйінің
жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бҧзылуы, ҧйқы
басу немесе ҧйықтай алмауы, ашушаңдық, тәбеттің артуы
және дене массасы ҧлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады.
Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек
болады.
Достарыңызбен бөлісу: