Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет56/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Ҥшінші 
сатысы
(5-10 
жыл) 
кезінде 
ішімділікке 
тӛзімділік азаяды. Бірнеше кҥн ішкеннен кейін әл-қуаты
жан-дҥниесі кеміп, белгілі уақыт ішуді тоқтатуға мәжбҥр 
болады. Болар-болмас ішкеннің ӛзінен қатты масаяды. 
Ішімдіктің денені сергітетін әсері жоғалады, ол тек 
адамның жалпы жағдайын ҧстап тҧруға жарайды. Әрбір 
ішкеннен кейін істегендерін ҧмытып қалады. Бҧл кезде ауыр 
жан-дҥниелік ӛзгерістер дамиды. Ҧдайы ішуге деген ҧмтылыс 
адамның ӛмірінің мәніне айналады. Ішімдікке организм 
тӛзімділігінің аздығынан, ӛзінің шамасын дҧрыс бағалай 
алмаудан науқас адам жиі ӛлімге ҧшырайды. 
Бҧл кезде
доғару синдромы 
адамның енжарлығымен, 
бейжайлығымен, қан қысымының тӛмендеуімен, терісінің 
бозаруымен және кӛгілдірленуімен, суық тер шығуымен, 
бҧлшықеттердің 
әлсіздігімен, 
қимыл-қозғалыстардың 


68
бҧзылыстарымен кӛрінеді. Бҧндай адамдардың жҥйкесі толық 
тозған, эмоциясы жоғалған, мінез-қҧлқы ашушаң, қатігез 
болады және айналасындағыларға тек ӛшіккендік сезім 
қалыптасады. Оларда энцефалопатия, полиневриттер дамиды, 
артынан ақыл-есінен адасу, ҧдайы елестер және қызғаныштық 
сандырақтар болады. Сонымен бірге барлық ішкі ағзалардың 
(жҥректің, бауырдың, ішек-қарынның, бҥйректің, т.б.) және 
жҥйелердің қызметтері бҧзылады. Маскҥнемдікпен ауыратын 
адамдардың 5-8 % -нда доғару синдромы сана-сезімінің 
бҧзылуымен, әртҥрлі елестермен, селкілдекпен, жҥрек, 
тыныс алу қызметтерінің бҧзылыстарымен және ӛліммен 
аяқталуы ықтимал. 
Темекі тҥтінінің әсері. 
Темекі шегуде уытқорлықтың бір тҥріне жатады.Темекінің 
тҥтінінде кӛміртегі тотығы, никотин, 3,4-бенз(а)пирен, 
азот тотықтары, никель, хром, кадмий т.с.с. кӛптеген 
зиянды заттар болады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен 
айқындалады және, жеңілірек тҥрде болса да, уытқорлықтың 
жалпы 
заңдылықтарымен 
сипатталады. 
Темекі 
тартатын 
адамдардың денесіне оның тҥтіні уытты әсер етеді. Ол 
организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жҥйке 
жҥйесін тоздырады, адамның жҧмысқа қабілетін тӛмендетеді. 
Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға 
еліктеуден және ӛзінің ер жеткенін кӛрсету ҥшін мақтаныш 
ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану ҥшін 
шылым 
тарта 
бастайды. 
Артынан 
никотиннің 
әсеріне 
организмнің 
бейімделуі 
болып, 
темекі 
шегу 
әдетке 
айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май 
тҥзілуіне 
қажетті 
ферменттерді 
тежеп, 
семіруден 
сақтандырады, кӛңіл-кҥй қобалжуларын басады. Бірақ оның 
зиянды жақтары бҧл кӛрсетілгендерден әлдеқайда басым 
болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа 
ӛмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқа болатыны 
белгілі. Шылым шегу: 
● жҥрек-қан тамырлар жҥйесінің ауруларына әкелетіні 
дәлелденген. Темекі тҥтініндегі кӛміртегі тотығының және 
никотиннің әсерлерінен қан тамырларының атеросклерозы, 
жҥректің ишемиялық ауруы, аяқ-қол тамырларының ішкі 
саңылауы бітеліп қалуын туындататын эндоартериит дамиды;
● шылым тартудан созылмалы бронхит, ӛкпе қабынуы, 
ӛкпе эмфиземасы, пневмосклероз дамып, ӛкпенің желдетілуі 
(вентиляциясы) 
бҧзылады. 
Темекінің 
тҥтіні 
ӛкпе 
ҧяшықтарындағы 
макрофагтардың 
лизосомалары 
мен 
фаголизосомаларын 
бҥліндіріп, 
олардың 
фагоцитоздық 
белсенділігін тӛмендетеді. Ол макрофагтарда ц ГМФ алмасуы 


69
бҧзылудан болады - деген жорамал бар; 
● темекі шегу ӛкпеде обыр ӛспесі дамуына қауіп-қатер 
тӛндіреді. 
Ӛйткені 
темекі 
тҥтінінде 
болатын 
3,4-
бенз(а)пирен, хром, кадмий ӛспе туындататын заттарға 
жатады;
● темекі тҥтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс, 
дәм сезімдерін азайтады, сілекей бӛлінуін кӛбейтеді, 
қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында 
ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның 
қатты қабаты бҥліністеріне әкеледі; 
● темекі тартатын адамдардың арасында асқазан мен 
ҧлтабардың ойық жарасы, ішектердің талаурап қабынуы жиі 
кездеседі; 
● жҥктілік кезінде темекі шегуден тҥсік тастау, 
мерзімінен 
бҧрын 
босану, 
жҥктіліктің 
асқынулары 
байқалады. Туған балаларда ӛспе ӛсу мҥмкіншіліктері 
жиілейді 
(трансплаценталық 
канцерогенезді 
қараңыз). 
Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы 
және жыныстық қҧштарлықтың тӛмендеуі болады; 
● темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса 
да, 
доғару 
синдромының 
белгілері 
байқалады. 
Олар 
нашақорлар 
мен 
уытқорлардағыдай 
ауыр 
рухани 
және 
физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы тҥрде 
никотинге рухани тәуелділік айқын білінеді. Доғару 
синдромы соңғы тартылған сигареттен кейін 90-120 минӛт 
ӛткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең ҥлкен 
дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бҧл кезде 
адамның қатты темекі тарқысы келеді, кӛңіл-кҥйінің 
жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бҧзылуы, ҧйқы 
басу немесе ҧйықтай алмауы, ашушаңдық, тәбеттің артуы 
және дене массасы ҧлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады. 
Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет