Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет58/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
тікелей (біріншілік) 
және 
салдарлық (артынан дамитын)
жағымсыз әсер – деп бӛледі. 
Тікелей жағымсыз әсерлер дәрілердің жасушалар мен 
жасуша 
ішілік 
қҧрылымдарға 
тікелей 
бҥліндіруші 
әсерлерінен бірден дамиды. Мәселен, кальций хлоридінің 
гипертониялық 
ерітіндісі 
тері 
астына 
енгізілуден 
шелмайдың бірден ӛлеттенуі болады. 
Салдарлық немесе артынан дамитын, жағымсыз әсерлер 
дәрілердің салдарынан дамитын екіншілік қҧбылыстардың 
нәтижесінде артынан байқалады. Мәселен, антибиотиктермен 
емдеуден ішектерде дисбактериоз дамуы артынан ішек-қарын 
және ӛт жолдарының қызметтерін бҧзады. Антрациклиндік 
антибиотиктердің әсерлерінен жҥрек ет жасушаларының 
мембраналарында 
май 
қышқылдарының 
асқын 
тотығуы 
кардиомициттердің 
қызметтерін 
бҧзады. 
Ацетилсалицил 
қышқылы простагландиндердің тҥзілуін тежеп, асқазанда 
ойық жара дамытады. 
● пайда болу себептеріне қарай:
♥ 
дәрілердің 
фармакологиялық 
қасиеттеріне 
байланысты дамитын; 
♥ организмнің даралық ерекшеліктеріне байланысты 
дамитын; 
♥ 
қоршаған 
ортанының 
ықпалдарына 
байланысты 
дамитын – деп ажыратады. 


71
● зиянды әсерлердің даму жолдарына (патогенезіне) 
қарай: 
♥ уытты; 
♥ аллергиялық (шынайы аллергиялық және жалған 
аллаергиялық); 
♥ идиосинкразия; 
♥ ӛспе туындататын (канцерогендік); 
♥ іштегі ҧрық дамуына теріс әсер ететін 
(тератогендік); 
♥ дәріге тҧрақтылық; 
♥ дисбактериоз; 
♥ дәріге тәуелділік – деп ажыратады. 
Дәрілердің уытты әсерлері. 
Дәрілердің уытты әсерлерінің дамуы: 
● олардың емдік мақсатта қолданылатын мӛлшерлерінен; 
● қанда олардың шынайы немесе салыстырмалы тҥрде тым 
кӛбейіп кетуінен; 
● оларға организмнің туа біткен немесе жҥре пайда 
болған сезімталдығының кӛтеріңкі болуынан байқалады.
Кейбір дәрілерді емдік мақсатта ҧдайы ҧзақ пайдалану 
қажеттігі болғанда олар организмде жинақталып қалады. 
Мәселен, жҥрек аритмиясын, қояншық ауруын емдейтін т.б. 
дәрілер. 
Сонымен 
қатар 
оларды 
организмнен 
сыртқа 
шығаратын ағзалардың (бауырдың, бҥйректің) қызметтері 
бҧзылыстары да дәрілердің денеде жиналып қалуына әкеледі. 
Бауырда 
ыдыратылатын 
(левомицетин, 
кальцийдің 
антагонистері, 
барбитураттар, 
хинидин, 
лидокаин, 
циметидин, психотроптық дәрілер т.б.) дәрілер бауыр 
жасушаларының бҥліністерінде немесе қақпа кӛктамырында 
гипертензия болғанда олардың денеде кӛп жиналып қалуынан 
уытты әсерлері байқалады. Мәселен, 
бауыр 
аурулары 
кездерінде 
хлордиазепам, 
оксазепам 
сияқты 
транквилизаторлардың организмнен жартылай шығарылу кезеңі 
бірнеше есе артып кетеді. Осыдан кӛңіл-кҥйдің ауыр 
тҧнжырауы болады. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде 
фуросемидтің сыртқа шығарылуы 10 есе, теофиллиннің -15 
есе, хинидиннің - 7 есе азаяды.
Бҥйрек қызметінің бҧзылыстары кездерінде дәрілердің 
ішкі ағзалар мен тіндеріне және қанда жиналуынан уытты 
әсер ететін ауыр жағымсыз әсерлер байқалады. Кейде 
жағымсыз әсерлердің дамуы мен дәрілердің денеден сыртқа 
шығарылуы нефрон шумақтарында несеп сҥзілу қарқынымен 
және ӛзекшелер арқылы несепке шығарылуына (секрециясына) 
байланысты 
болмайды. 
Ал 
кейбір 
дәрілердің 
сыртқа 
шығарылуы нефрон шумақтарында несеп сҥзілуінің мӛлшерінен 


72
тікелей байланысты болады. Мәселен, гентамицин т.б. 
аминогликозидтік 
антибиотиктер, 
алғашқы 
буындардағы 
цефалоспориндер, 
ванкомицин, 
дигоксин, 
дизопирамид, 
амфтерицид, 
флуцитозин, 
несеппен 
шығарылатын 
болғандықтан, несеп сҥзілуі мардымсыз азайғанда олар дене 
тіндерінде және қанда жиналып қалады. Осыдан адамда 
саңыраулық, бҥйрек бҥліністері, дигиталиске тән уыттану 
сияқты ауыр жағымсыз әсерлер дамиды. 
Дәрілік заттар жҥйке жҥйесіне, жҥрекке, бҥйрекке, 
бауырға, сҥйек кемігіне т.б. ағзаларға уытты әсер етеді. 
Мәселен, ӛспелерді емдеуге қолданылатын антрациклиндік 
антибиотиктер (адриамицин, адрибластин, доксорубицин, 
фармарубицин т.б. цитостатиктер), туберкулезді емдейтін 
антибиотиктер 
жҥрек 
еті 
және 
ми 
жасушаларының 
мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуын ҥдетіп, 
кардиомиоциттердің және нейрондардың қызметтерін бҧзады. 
Содан жҥректің жиырылу қабілеті тӛмендейді, жҥрек 
соққылық және минӛттік қан кӛлемдері азаяды, ӛкпеқап және 
жҥрекқап іштерінде, қҧрсақта сҧйық жиналады, бауыр 
ісінеді, жҥрек қызметінің қан іркілулік жеткіліксіздігі 
дамиды. Ми жасушаларының мембраналарында майлардың асқын 
тотығуынан шартты байланыстардың есте сақталуы және 
олардың қайта жаңғырығуы бҧзылады. Осыдан организмнің 
сыртқы орта ықпалдарына бейімделу қабілеті нашарлайды. 
Цитостатиктердің әсерлерінен сҥйек кемігінің қызметі 
бҧзылып, анемия, лейкопения, тромбоцитопения байқалады. 
Сайып келгенде, кӛптеген дәрілердің жағымсыз әсерлерінің 
даму 
тетіктерінде 
олардың 
тін 
жасушаларының 
мембраналарында майлардың асқын тотығуын ҥдетуі маңызды 
орын алады. 
Кӛптеген 
дәрілер 
белгілі 
бір 
ағзаға 
уыттылық 
кӛрсетеді. 
Мәселен, 
аминогликозидтер, 
сынапты 
зәрайдатқылар бҥйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігін 
туындатады. 
Дәрілік жағымсыз әсерлер организмде олардың ӛзара 
әрекеттесулерінен де дамиды. Бҧл кезде бір ауруды 
кӛптеген дәрілермен емдеудің маңызы зор. Тіпті жеңіл 
аурулардың ӛздерін орынсыз бірнеше дәрілермен емдеу 
дәрілерден дамыған дерттердің ауырлығын және пайда болу 
жиілігін арттырады. Бір ӛзімен емдегенде уыты жоқ дәрілер 
басқа дәрілермен қосып қабылдағанда уытты әсер етуі 
ықтимал. Мәселен, олеандомицин және эритромицин теофиллин 
мен кофеиннің денеде ыдыратылуын бәсеңдетіп, жҥрек айну, 
қҧсу, жҥйке жҥйесінің кӛтеріңкі қозымдылығы, ҧйқы қашу 
сияқты қанда теофиллин (20 мкг/мл-ден астам) кӛбеюінен 


73
дамитын уыттану белгілерін әйгілендіреді. Жаңа туған 
нәрестелер мен егде адамдарда бҧдан ми ісінуі дамуы 
мҥмкін. 
Кӛптеген дәрілердің микромомалық тотығуын гистаминнің 
Н 

– рецептор- ларының тежегіштері (циметидин т.б.)
бәсеңсітеді. Сондықтан хинидин мен циметидинді бірге 
қабылдағанда организмнің тіндері мен қанында хинидиннің 
мӛлшері 
40%-ға 
кӛбейеді. 
Циметидин 
теофиллиннің 
организмде ыдыратылуы мен одан сыртқа шығарылуын 2,5 есе 
баяулатады. 
Гентамицин бҥйрек арқылы сыртқа шығарылу кезінде 
фуросемидпен 
ӛзара 
әрекеттесіп, 
қан 
сҧйығында 
фуросемидтің деңгейін бірнеше есе арттырады. Содан оның 
әсерінен саңыраулық және, жҥрек ырғағының бҧзылыстарына 
әкелетін, ауыр гипокалиемия дамиды. 
Салицилаттар мен сульфаниламидтер несептің қышқылдығын 
арттырып, метотрексаттың несеппен шығарылуын азайтады. 
Содан ол организмде ҧзақ сақталып, бауырдың беріштенуі, 
панцитопения, анорексия, іш ӛтулер дамуына әкеледі. 
Дәрілердің 
уытты 
әсерлері 
организмнің 
даралық 
реактивтілігінің ерекшеліктеріне байланысты дамуы да 
ықтимал. Олардың дамуында, жоғарыда келтірілген бауыр мен 
бҥйрек қызметтерінің жеткіліксіздігінен басқа, адамның 
тҧқым қуалаушылығына қарай дәрілердің фармакологиялық 
ӛзгеру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Содан олардың 
организмде 
ыдыратылу 
жылдамдығы 
әртҥрлі 
болады. 
Адамдардың арасында дәрілерді «шапшаң тотықтыратын» және 
«шабан тотықтыратын» топтар кездеседі. Ақ нәсілді 
адамдардың 5-9%-да дәрінің ферменттік тотығуы ӛте баяу 
ӛтеді. Сол себепті дәрі организмге қауіп тӛндіретін 
мӛлшерлерде жиналып қалуы мҥмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет