90
шектелуі т.б. әлеуметтік ықпалдар биологиялық ықпалдардың
әсерлере елеулі ӛзгерістер енгізеді. Сонымен биологиялық
және әлеуметтік ықпалдар ӛзара
тығыз байланысты және
бірінің ӛзгеруі міндетті тҥрде екіншісінің ӛзгеруіне
әкелуі ықтимал.
Аурудың патогенезі негізінде емдеу жолдары.
Дерт дамуында себеп-салдарлық арақатынасты ескеріп,
патогенездің
кӛптеген
тізбектерінің
ішінен
негізгі
тізбегін ҥзу арқылы
емдеуді патогенездік терапия
дейді.
Мәселен,
аурудың негізінде қабыну жатса, осы қабынуды
емдеу қажет. Аурудың дамуы микроциркуляцияның, зат
алмасудың, қышқылдык-сілтілік ҥйлесімділіктің, иммундық
жҥйенің,
жҥйкелік,
эндокриндік
реттелулердің
бҧзылыстарының немесе
гипоксияның негізінде болса, емдік
шаралар соларға қарсы бағытталады. Кӛптеген аурулардың
негізінде жасушалардың қабықтарында май қышқылдарының
асқын
тотығуы,
фосфолипаза
ферменттерінің
артык,
әсерленуі, иммундық ҥрдістердің артып кетуі жатады. Сол
себептен
бҧл
аурулар
кездерінде
антиоксиданттар,
фосфолипазаның
тежегіштері,
иммундық
модуляторлар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: