Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет153/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

оң 
азоттық баланс
дейді. 
Ашығу кезінде бүйрек арқылы (протеинурия) және терімен 
(күйіктік ауруы кезінде), ішектермен (іш өткенде), 
тиреотоксикоз, қызба, өспе ауруы кездерінде организмнен 
шығарылатын азоттың деңгейі организмге тамақпен түсетін 
азоттан артық болады. Бұндай жағдайды 
теріс азоттық 
баланс
дейді. Теріс азоттық баланс организмге тамақпен 
олардың аз түсуін де көрсетеді. 
АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ АРАЛЫҚ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Ағзаларға түскен аминқышқылдары жартылай меншік
 
нәруыз 
түзу үшін пайдаланылады, біразы тотығады, біразынан 
биологиялық 
маңызды 
өнімдер: 
гормондар 
(тироксин, 
тиронин, адреналин, норадреналин т. б.), биогендік 
аминдер (гистамин, серотонин), пигменттер (меланин) 
түзіледі. 
Бұл 
үрдістер 
жүйкелік 
және 
эндокриндік 
жүйелермен реттелінеді. 
Аминқышқылдарының алмасуы белгілі бір аминқышқылының 
организмде болмауынан да бұзылады. Мәселен, лизиннің 
тапшылығынан жас балалардың бойы өсуі баяулайды, қанында 
эритроциттер мен гемоглобиннің мөлшері азаяды. Организмде 
триптофанның 
жеткіліксіздігінен 
гипохромдық 
анемия 
дамиды. 
Аргининнің 
тапшылығы 
сперматогенездің 
бұзылыстарына, гистидиннің жеткіліксіздігі теріде экзема 
дамуына, бой өсуінің кемуіне және гемоглобин түзілуі 
азаюына әкеледі. 
ТРАНСАМИНДЕНУ ЖӘНЕ ДИЗАМИНДЕНУ ҮРДІСТЕРІНЩ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Әдетте трансаминдену үрдісі арқылы амин топтары 
тасымалданып, аминқышқылдары өндіріледі де, дезаминдену 
үрдісі 
нәтижесінде 
аминқышқылдары 
амин 
тобынан 
ажыратылады. 
Трансаминдену үрдісі кезінде α-кетоқышқылдарына амин 
қышқыл- дарынан амин тобы тасымалданады. Бұл серпіліс 
аминотрансферазалармен қадағаланады. Бұл ферменттердің 
кофакторлары 
болып 
пиридоксиннің 
фосфорланған 
түрі 
(пиридоксальфосфат және пиридоксиаминфосфат) есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет