Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет156/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тіндерде аммиактан 
глутамин түзілуінің бұзылуы: 

глутаминаза ферменттік жүйесінің белсенділігі төмен 
болуынан; 
● 
аммиак тым көп өндіріліп кетуден, тіндердің оны 
байланыстыру қабілетінен артып кетуінен – болады. 
Нәруыздар алмасуының соңғы өнімдерінің бірі болып 
креатинин
есептеледі. Ол бұлшық еттердің азоттық заты 
креатин тотығуынан пайда болады. Қалыпты жағдайда 
несеппен тәулігіне 1-2 г. креатинин шығарылады. Оның 
несепте көбеюі (креатининурия) жүкті әйелдерде және 
балалардың бойы қатты өсу кездерінде кездеседі. Ашығу, Е-
авитаминозы, дене қызымы қатты көтерілетін жұқпалы 
аурулар 
т.с.с. 
жағдайлар 
кездерінде 
креатининурия 
байқалады. 
Ол 
креатинин 
алмасуының 
бұзылыстарын 


181
көрсетеді.
Сонымен 
бірге 
бүйрек 
қызметінің 
жеткіліксіздігі 
кезінде қанда зәрнәсілдің, креатининнің, зәр қышқылының 
т.б. азоттық өнімдердің көбеюі байқалады. Оны, азоттық 
өнімдердің 
сыртқа 
шығарылуы 
бұзылудан 
дамитын, 
ретенциондық гиперазотемия
дейді. 
ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТҮЗІЛУІ МЕН ОРГАНИЗМНЕН СЫРТҚА ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Зәр қышқылы нуклеин қышқылдарының қүрамына кіретін 
пуриндік негіздердің алмасуының соңғы өнімі. Оның 
өндірілуі мен организмнен сыртқа шығарылуының бұзылуы 
подагра
деген аурудың дамуына әкеледі. Бұл ауру кезінде 
қанда зәр қышқылының және оның түздарының деңгейі 
көтеріледі. Осыдан зәр қышқылының тұздары буындарда, 
шеміршектерде жиналып қалады да, буындардың қабынуы, 
ауыру сезімі, дене қызымы көтерілуін туындатады. 
ҚАН НӘРУЫЗДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ.
Көпке дейін қан плазмасындағы нәруыздардың сандық және 
сапалық өзгерістері ауруды анықтау және оның өту қарқынын 
болжау үшін ғана қаралды. Қазір бұл өзгерістердің белгілі 
аурулардың патогенезінде маңызы зор екені белгілі. 
Өйткені қан сары суындағы кейбір нәруыздар бактерицидтік 
қызмет атқарады (пропердин, комплемент т. б.), екіншілері 
кейбір 
биогендік 
аминдердің 
тотығуын 
арттыратын 
ферменттік қызмет атқарады (церуллопазмин). 
Әлбуминдердің коллоидтық-осмостық қысымды, кейбір 
электролиттер алмасуын, қышқылдық-сілтілік үйлесімдікті 
т. б. реттеуге қатынасатыны көптен белгілі. 
Қан сары суында біршама арнайы ферменттер бар. Қан үю 
үрдісіне қатысатын факторлардан басқа, қан сары суында 
плазмин және церуллоплазмин бар. Плазмин, фибринолиз 
үрдісіне 
қатысуымен 
қатар, 
қан 
плазмасының 
басқа 
нәруыздарына әсер етіп, қан тамырларын кеңітетін және қан 
қысымын төмендететін кининдердің түзілуіне әкеледі. 
Қан плазмасы нәруыздарының барлық бөлшектері ағзаларға 
өртүрлі 
қосындыларды 
(көмірсуларын, 
липидтерді, 
бейорганикалық заттарды, нілдерді т.б.) тасымалдайды. 
Бұлардың 
кейбіреулерінің 
қанға 
түскен 
белгілі 
қосындыларды байланыстыру қызметі ерекше орын алады. 
Мәселен, гаптоглобин эритроциттердің ыдырауынан қан 
плазмасына ауысқан гемоглобинді байланыстырады. 
Көптеген 
басқа 
қосындылардың 
қан 
плазмасы 
нәруыздарымен байланысуы да маңызды. Осы арқылы бос 
күйінде ерімейтін заттар олармен байланысып еритін түріне 
айналады. Мәселен, эритроциттердің гемоглобині ыдырауынан 
пайда болатын бос билирубин ерімейді. Ол қан сары суында 
әлбуминмен байланысып, оның бауыр арқылы өтке түсу 


182
мүмкіншілігі пайда болады және оның улы әсері әлсірейді. 
Темір және мыс қан сары суында арнайы нәруыздармен 
(трансферинмен, церулоплазминмен) байланыстырылады және 
осы 
кешендер 
түрінде 
тасымалданады. 
Сол 
арқылы 
көрсетілген металдардың иондарының улы әсерлері азаяды. 
Басқа катиондар мен иондар әлбуминдермен байланысады. 
Содан олардың алғашқы несепке (үлтрасүзіндіге) өтіп кетуі 
болмайды, қанда белгілі мөлшерде сақталады. Мұның маңызы 
өте үлкен. Мәселен, байланысқан кальций мен иондалған Са
2+ 
белгілі арақатынаста болады. Са
2+
иондарының қан үюуында, 
ет 
талшықтарының 
қысқаруында, 
қылтамырлардың 
қабырғаларының өткізгіштігін және жүйкелер мен еттердің 
қозымдылығын белгілі деңгейде ұстауда маңызы өте үлкен. 
Әртүрлі себептерден қанда Са
2+ 
иондары азайғанда олардың 
қажетті мөлшері ғана әлбуминнен босайды. 
Әлбуминдер кальцийден басқа, магний, мырыш, қорғасын, 
сынап т.с.с. катиондарды, ацетат, цитрат, бикарбонат, 
нитрат т.б. аниондарды байланыстырады. 
Көптеген гормондардың қан сары суы нәруыздарымен 
байланысуы өте маңызды. Тироксин, үшйодтиронин қан сары 
суында нәруыздардың үш бөлшектерімен (преәлбуминдермен, 
әлбуминдермен 
және 
α
1
-

α
2

глобулиндермен) 
тез 
байланыстырылады. 
Кортикостероидтар, 
тестостерон, 
эстрогендер 
әлбуминдермен 
байланыстырылады. 
Кортикостероидтарды 
әлбуминнен 
басқа 
арнайы 
глобулин 
(транскортин) 
байланыстырады. Байланыстырылган гормондардың биологиялық 
әсері бос түрлеріне қарағанда қатты төмен болады. Сол 
арқылы организмді бұл гормондардың артық өндірілуі 
кездерінде пайда болатын бұзылыстардан сақтандырады. 
Қанда 
нәруыздардың 
мөлшерінің 
және 
сапасының 
өзгерістері көптеген дерттік жағдайларда байқалады. Олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет