191
тіндерде жиналып қалуынан
♣ тұзды тамақты тым артық қабылдаудан – байқалады.
Пайда болу себептеріне және даму жолдарына қарай:
жүректік, бүйректік, бауырлық, ашығулық, қабынулық,
уыттық, нейрогендік, аллергиялық, лимфогендік
т. б.
ісінулер ажыратылады.
Жүректік ісіну.
Жүректік ісіну жүрек қызметінің
жеткіліксіздігі кезінде көк тамырларда қан іркіліп
қалудан және жүректен шығатын қанның көлемі азаюынан
болады.
Көктамырларда
қан
іркілуінен
қылтамырларда
гидростатикалық қан қысымы көтеріліп, қанның сұйық
бөлшегінің тамыр сыртына сүзілуі артады. Сонымен қатар
ірі көктамырларда қан іркілуі лимфалық тамырлардың
жиырылуына, лимфаның ағуы төмендеуіне, бауыр қызметінің
бұзылуына, әлбуминнің аз түзілуіне және қанда онкотикалық
қысымның азаюына әкеледі.
Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
● ағзалар мен тіндерде майда қанайналым бұзылыстарынан
гипоксия, метаболизмдік ацидоз дамуына, қылтамырлардың
қабырғаларының өткізгіпггігі жоғарылауына;
● бүйрек ишемиясына, ренин-ангиотензин жүйесі арқылы
әлдостеронның
артық
түзілуіне,
гипернатриемияға,
гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбеюіне,
бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуі артуына -
әкеледі.
Осы көрсетілгендер организмде судың тұтылып қалуына,
содан олигоцитемиялық гиперволемия, гипергидратация және
ісіну дамуын туындатады. (5-сызбанұсқаны қараңыз).
5-сызбанұсқа
Достарыңызбен бөлісу: