Гиперосмостық гипергидратация теңіз суын ішуге мәжбүр
болғанда,
көп
гипертониялық
сұйықтар
енгізгенде
байқалады.
Жасуша
сыртында
осмостық
қысым
көп
болғандықтан сүйық жасуша ішінен сыртына көптеп шығып
кетеді. Содан жасушаның сусыздануы болады (гиперосмостық
гипогидратацияны қараңыз).
Судың артық мөлшері қанда ұсталып тұрмай тіндерге, ең
алдымен жасуша аралық кеңістіктерге ауысады. Осыдан ісіну
дамиды.
Ісіну, түрлері, даму жолдары .
Ісіну (грек.-оеdema) — қан мен тіндер арасында су алмасуының бұзылыстарынан тінаралық кеңістіктерде сұйықтың артық жиналып қалуы. Сүйықтың дене қуыстарында
жиналуын шемен (грек.-һуdгорs) дейді. Іш қуысы сулануын
іш шемені (грек.- аsсіtеs), өкпеқап қуысы сулануын
гидроторакс, ми қарыншалары сулануын — гидроцефалус,
жүрекқап қуысы сулануын гидроперикардиум деп атайды.
Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес
дерттік үрдіс. Қан мен тіндердің арасында су алмасуы
микроциркуляциялық
арнада
қылтамырлардың
қабырғалары
арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында:
● қылтамырлар ішінде қан қысымы көтерілуінің;
● қанда онкотикалық қысым төмендеуінің;
●
қылтамырлардың
қабырғаларының
өткізгіштігі
жоғарылауының;
● лимфа ағуы баяулауының;
● су мен электролиттер алмасуының жүйкелік және
гуморалдық реттелуі бұзылыстарының;
● тіндерде және тінаралық кеңістіктерде осмостық және
онкотикалық қысымдардың көтерілуінің – маңызы өте зор.
Лимфа ағуының баяулауы кезінде жасуша аралық сұйықта
онкотикалық қысым біршама көтеріледі. Ас тұзын артық
пайдаланғанда немесе бүйрек қызметі бұзылғанда жасуша
аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мүмкін.
Осы келтірілгендерге байланысты ісінудің бірнеше
себепшарттарын
(факторларын)
ажыратады.
Қылтамырлар
ішінде
қан
қысымы
көтерілуіне
әкелетін
факторды