Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


жолымен тамыр сыртына шығады. Сондықтан қызыл немесе  геморрагиялық инфаркт дамиды



Pdf көрінісі
бет226/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

263
жолымен тамыр сыртына шығады. Сондықтан қызыл немесе 
геморрагиялық инфаркт дамиды.

 
10-сызбанұсқа
 
 
ИШЕМИЯНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ МЕН САЛДАРЛАРЫ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Себепкер ықпалдар 
Артериалық қанның тіндерге келуі азаюы 
немесе болмауы 
Майда артериалар мен қылтамырларда қан қысымы төмендеуі 
Қызмет атқаратын қылтамырлардың азаюы 
Қан ағу жылдамдығы баяулауы немесе тоқтауы 
Тіндерге О

мен қоректік заттардың түспеуі 
Гипоксия және дистрофия 
Метаболизмдік ацидоз 
Жасуша мембраналарының бұзылыстары 
Инфаркт 


264
Қосалқы 
қанайналымның 
дамуы 
артерияның 
бітелу 
жылдамдығына байланысты. Егер артерия біртіндеп баяу 
бітелсе, онда қосалқы қанайналым дамуына қажетті уақыт 
жеткілікті болады. Ал, егер артерия эмболмен тез бітелсе 
онда қосалқы қанайналым дамып үлгермейді, тез ақ инфаркт 
дамиды. 
Ишемия дамуында ағза мен тіндердің ишемияға дейінгі 
қызмет 
атқару 
жағдайы 
маңызды. 
Тыныштық 
жағдайға 
қарағанда ағзаның көтеріңкі қызмет атқару кезінде 
артерияның бітелуі ауыр ишемияға әкеледі. 
Реперфузия.
Реперфузия - деп
белгілі бір мерзімнен кейін ишемияға 
іліккеи ағзалар мен тіндерде қан айналымның қалыпты 
жағдайға оралуын айтады
. Бұндай жағдай жиі ангиоспазмдық 
ишемиядан кейін немесе емдік шаралардың нәтижелерінде 
артериядағы 
қан 
ұйындысының 
тез 
ыдырауынан 
және 
клиникалық өлімнен тірілтілген организмде пайда болады. 
Коронароспазмнан кейін жүрек етінің реперфузиясы жиі 
кездеседі. Ишемиядан кейін қанның қайта қалыпты мөлшерде 
келуі оттегінің ағзаларға көп тасымалдануына әкеледі. Бұл 
оттегі тез пайдаланылып үлгермей, бос радикалдардың 
(синглетті оттегі, супероксиданион, гидроксил тобы, 
сутегінің асқын тотығы) жиналуына әкеліп соқтырады. 
Осының салдарынан мембраналарда май қышқылдарының асқын 
тотығуы байқалып, мембранамен байланысқан жасушанын 
барлық қызметтері бұзылады. Сондықтан ұзақ ишемиядан 
кейінгі реперфузиядан жүрек қызметінің бұзылуы байқалады, 
Клиникалық өлімнен тірілтілген адамдарда мидың, жүректің, 
бүйректің, бауырдың т.с.с. ағзалардың қызметтері қайта 
бұзылады. Бұндай ауруларды посгреанимациялық дерттер 
дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет